«Шымкент қайтадан қызғалдақтар астанасына айналды«, деп хабарлайды Adym.kz ақпарат агенттігі Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеп.
Қазіргі таңда Шымшаһар гүлзарларында 1 млн 300 мыңнан аса қызғалдақ гүлдеп тұр. Басым көпшілігі голландық сұрыптағы сары, қызыл, көк, қызғылт, күлгін түсті қызғалдақтар.
Бір қызығы, бұл қызғалдақтар геометриялық кескіндер, ұлттық ою-өрнек, қала логотипі пішіндес етіп отырғызылған.
Мамандардың айтуынша, қызғалдаққа толы гүлзарлар уақыты бір айдан аспайды. Алдағы уақытта олардың орнын басқа гүлдер басады. ОлТурар қала көшелерінің шырайын аша түспек.
Естеріңізге салар болсақ, қызғалдақ 2017 жылы Шымкент қаласының экс әкімі Ғабидолла Әбдірахымовтың тұсында шаһардың туристік логотипі болып бекітілген болатын.
Фото: Шымкент келбеті газеті, Мақсат Шағырбаев