#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

ҚЫТАЙДАҒЫ СӘБИ ЕТІНЕН ДАЙЫНДАЛҒАН СОРПА (Фото)

Adym.kz: Қытай үкіметінің «Жоспарлы туу» саясаты қытай отбасыларын жалғыз ұрпақпен ғана шектеуде. Егер, бір үйдің жалғызы мезгілсіз көз жұмса, сол шаңырақтың тұқымы құрып жоғалары анық.
Салдарынан Қытай қоғамында жеке «МЕНІ» басым «мейрімсіз», «қатігез» бір буын өсіп келеді…

Бір отбасыда бір ұрақ

«Бір адам артық туылса, бір ауыл пішіледі (Ұрық жолын таңып тастау)», «Бір адам артық туылғаннан гөрі бір қабыр артық қазылғаны жақсы», деген адам шошырлық ұрандар жиі естіледі ел арасында.
Әдетте 6 айлық нәрестелерге аборт жасалмайды. Бірақ ел үкіметінің «Жоспарлы туу» бөліміндегілер 8-9 айлық нәрестені күштеп аборт жасатады. Тіпті, жарық дүние есігін ашқан сәбиді бейне бір құмырсқаны мыжығандай  қатігездікпен өлтіреді.
Мен танитын Пекин «Шие Хы» перзентханасы қызметкерінің айтуынша, туу туралы рұқсат қағазы жоқ (Қытайда нәресте туу алдында, тууға рұқсат аласыз, егер рұқсат алмасаңыз немесе кешігіп қалсаңыз балаңыз рұқсатсыз туылған ретінде саналады) нәрестелердің былқылдаған еңбегіне спирттік құрамы өте жоғары укол салып өлтіреді. Олардың күнделікті жұмыстары «артық» туылған шақалақтардың көзін жою. Алайда, кейбір нәрестелердің дене қуаты өте күшті болып, бір уколдан соң жан тапсырмаған жағдайда тағы да уколдар салынады екен.

Сәби етінен дайындалған сорпаның саудасы қызып тұр

Қытайда 1970 жылдан бастап «Рух» серпілтуге, ағзадағы қанды толықтауға аса мән беріп, бақуатты адамдар «плацентаны» түрлі шөп дәрілермен сорпалап жеген. Ал, 1980 жылдарда «Жоспарлы туу» қолға алынғаннан соң бертінде нәрестенің сорпасы туралы ақпараттар тарай бастады. Алғашында бір екі фотосуреттер  журнал мұқабаларына  шыға бастаған. Кейіннен нәресте сорпасымен қымбатты қонақты күтіп алу Гуан Дун провинциясында «дәстүрге» айналған. Тіпті, Қытайдың экс төрағасы Жияң Зыминның өзі: «неткен балғын(свежий)», деп мақтаған.
Әдетте 3-4 мың юанға (150000-200000 теңге) 6-7 айлық бір сәбидің сорпасын жеуге болады. Гуан Дун провинциясының әкімдері мұны жынсытық гормонды толықтайтын ең өнімді тағам деп бағалайды. Бірнеше айлық нәрестеге дәрі шөптерді қосып 8 сағат қайнатып ішсе, «Рухты» көтеріп, қанды толықтайды деп сенеді. Кейбір қарттар осы сорпа болғандығы үшін күнде кеште (жыныстық байланыста) шаршамайтынын айтып мақтанады.
Тағы бір мысал:                                                                                                            
Бірде тілші Гуан Дун провинциясының Фушан қаласындағы нәресте сорпасын дайындайтын бір кафеге «қонақ» болып барады. Ондағы бас аспаз Ли былай дейді: «Қабырға (Нәрестенің балама атауы) табу қиын, қазір тауар жоқ, плацентаның жаңа келгені бар. Мұны тоңазытуға болмайды, балғын күйінде жасаған жақсы».
Ли аспаз тілшіге егер шынымен «дәрумендік» тағамды жегісі келсе, шамалы күтуін өтінген. Себебі, қалаға ауылдан келіп жұмыс істейтін бір азаматтың әйелінің ай-күні жақындағанын,  екі  қызы бар болып, егер тағы да қыз босанса онда жеуге болатынын айтады.
Тілші зерттеу мақаласының соңына жету үшін сорпаның дайындалу барысын өз көзімен көруге бекінеді. Бірнеше күн өтпей Гау аспаз «Қабырға» Тайшанда табылғанын айтады.
Тайшанға келген оны ресторанның бас аспазы Гао асүйге шақырып нәрестені көрсетеді. Нәресте тіпті мысықтың баласындай кішкене болып, ет кесетін табақта жатыр. «Бес айлық екен, шамалы кішкене болып қалды», деп өз өкінішін білдірді Гао Аспаз. Айтуынша Нәрестені досының ауылынан алып келіпті. Бірақ қаншаға сатып алғанын айтқысы келмеді. Тек бағаның нәрестенің қанша айлық болуымен және өлі-тірі болуымен ғана белгіленетінін айтты.
Бұл «таңсық» астың құны 3500 (175000 теңге) юан тұрады. Тілшінің түсінгені аборт жасатқан немесе өлі күйде түскен нәрестелерге «делдал» (маклер) кіндік шешеге неше жүз (1 юан 50 теңгеден) юан береді. Егер жатырдағы нәресте қыз  болса, ата-анасына 2000 (100000 Теңге) юан беріп, «балаларыңды бағып аламын»,  деп алдайды. Ал, ата-аналар оларға алғыстарын білдіреді. Өкініштісі, өздерінің бауыр еттерін өзге «екі аяқтылардың» жеп қоятынын олар қайдан білсін?.
Асүйде нәресте сорпасының дайындалу барысын өз көзімен көрген тілші құсқысы келіп, тағамнан дәм тата алмады. «Денсаулығым болмай тұр», деп бұл маңнан тез құтылады. Алайда, тағамның пісірілу барысын фотообъективке іліп үлгерген.                
Мақаладағы фотосуреттер тілші Bao Guang-ның ас үйде түсірген туындылары.
Мақала renminbao.com сайтынан алынды.
Тәржімалаған Erkin Azat

Соңғы жаңалықтар