Дүниежүзілік төрт салмақ дәрежесінде бұрынғы әлем чемпионы Хуан Мануэль Маркес мексикалық боксшы Сауль Альварестің (49-1-2, 34 КО) айналасындағы допинг дауына қатысты өз ойын айтты, деп хабарлайды adym.kz  ақпарат агенттігі  Sports.kz сайтына сілтеме жасап.
ESPN телеарнасындағы «A Los Golpes» бағдарламасына берген сұхбатында Маркес:
«Головкин тілін тыйып, «Канелоны» мазақ қылуды доғаруы тиіс. Ол жекпе-жекті не қабылдауына, не бас тартуына болады – қиын ештеңе жоқ. Ол «Канело» кленбутерол қабылдады ма, жоқ шынымен де мексикалық еттен болды ма, нақтысын білмейді. Тергеуді Невада штатының атлетикалық комиссиясы жүргізіп жатыр», деп пікір білдірді.
Дегенмен,10 сәуірде допинг дауына байланысты тыңдау өтіп, оның ісі бойынша соңғы шешім қабылданады.
Нәтижесінде, комиссия Альваресті бокстан уақытша шеттетті. Әзірге реванш бұрынғысынша 5 мамырға жоспарланып отыр.