Adym.kz: Fakebank вирусының жаңа нұсқасы Android-смартфон пайдаланушыларына банктер шалған қоңырауларды ұстап алып, ақша аударуға қажетті деректерді ұрлайды екен. Дәл солай Оңтүстік Кореяның банктерінің клиенттері шабуыл астында қалды.
Сарапшылардың пікірінше, қоңырау шалғанда, вирус банктің нағыз нөмірін банк агенті болып таныстыратын алаяқтың телефонымен алмастырады. Пайдаланушы ол кезде телефонында банктің нөмірін көреді. Сондай-ақ, бағдарлама кіріс қоңыраулар шалынған кезде де жұмыс істейді. Ол жағдайда алаяқ зардап шегушіге қоңырау шалған кезде телефон нөмірі банк нөмірін көрсетеді. Бұл әрекеттер қолданушы рұқсатын талап етпеу үшін вирус үнемі оңтайландырылып тұрады.
Сарапшылар телефондағы бағдарламаланы үнемі жаңартып тұруды, қосымшаларды таныс емес көздерден жүктемеуді ұсынады. Сондай-ақ, әр түрлі қосымшаларды сұрайтын рұқсаттарды мұқият қадағалап, телефонға антивирус орнату қажет екендігін ескертеді. Қазіргі таңда сарапшылар осындай 22 үстеме тапты.