Adym.kz: «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің қызметкерлері Ұлыстың ұлы күні қарсаңында кесене аумағына 2000 дана Раушан гүлін отырғызды.
Қорық-музей аумағын абаттандыру, көгалдандыру жұмыстарына ұжымның зейнеткерлері де қатысып, жеміс-жидек ағаш көшеттерін жерсіндіріп, тазалық жұмыстарын жүргізді.
Айта кетерлігі, Түркістанның жаңа даму жолын қалыптастыру мақсатында даму концепциясы жүзеге асырылуда. Осы құжат аясында Түркістанда «Отырар» атты жаңа мөлтек аудан бой көтеріп жатыр. Қазіргі таңда көпқабатты 4 үй пайдалануға дайын тұр. Мұнда келешекте көпқабатты 100 тұрғын үй және әлеуметтік нысан бой көтермекші. Оған қоса, қаланың жаңа әкімшілік іскерлік орталығын салу да жоспарланып отыр.