ОҚО: «КЕНТАУ ТРАНСФОРМАТОР ЗАУЫТЫ ЕУРОПАЛЫҚ БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІНЕ КӨШТІ»

«Кентау трансформатор зауытында HiPo корпоративтік басқарудың еуропалық басқару стандарттары енгізілуде», деп хабарлайды Adym.kz ақпарат агенттігі.
Осыған орай, аталған зауытта ішкі корпоративтік HR тренингтік әдістер, HiPo бағдарламасының әдістері; кәсіби стандарттар мен талантты басқаруды қолдану оқыту семинары өтті.Атап айтар болсақ, үш жыл бойы белсенді түрде қызметкерлер арасында аталған жүйені қалыптастыруды көздеген «Alageum Electric» компаниясы мамандарды оқыту, жаттықтырумен айналысып келеді. HiPo бағдарламасы 2016 жылдан бастап енгізілген. Жобаның тоғыз қатысушысы аталған холдингтің топ-менеджерлерінің қатарында кірді.
«Мен принциптерге сенбеймін, бірақ мен қызығушылыққа сенемін!» — жұмысқа арналған осы қарапайым кеңестерді қолданыңыз, содан ғана жұмысыңыз сізге қуаныш әкеледі»,  деді семинар соңында «Alageum Electric» АҚ-ның бас директоры Ержан Ілиясов.
Бұл реткі профильді оқыту бағдарламасының  көздегені мамандарды жұмыс барысында заманауи технологиялар мен тәжірибені пайдалану арқылы жұмыс сапасын арттыруға шықыру. Еуропалық басқару стандарттарын енгізуге арналған семинар соңында зауыт бөлімшелерінің 12 қызметкеріне сертификат табысталды.