Көрменің ашылуында өңір басшысы Ж.Түймебаев Оңтүстік Қазақстан облысында құрылыс индустриясы белсенді түрде дамып, тұрғын үй салу қарқын алып келе жатқандығын жеткізді. Әрі, “ShymkentBuild-2018” көрмесі өңірдегі құрылыс индустриясының дамуына серпін беретінін айтты.
Өңірдің 2016-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасы аясында 4,8 млн шаршы метр тұрғын үй салу жоспарлануда. Бүгінгі таңда, «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 2021 жылға дейін 1 млн. шаршы метр тұрғын үйді ел игілігіне беру үрдісі қалыптасты. Бұдан бөлек, Шымкент қаласын Қазақстанның үшінші мегаполисі етіп дамыту мақсатында “Shymkent City” жобасы жүзеге асырылуда.
үш күнге жалғасатын “ShymkentBuild-2018” көрмесі аясында “Құрылыс саласына жаңа технологияларды енгізу” тақырыбында конференция ұйымдастырылады деп күтілуде. Онда көрме қатысушылары құрылыс секторындағы ең өзекті мәселелерді өзара талқыға салатын болады.
ОҚО: «SHYMKENTBUILD-2018» КӨРМЕСІ ҚҰРЫЛЫС ИНДУСТРИЯСЫНДА БӘСЕКЕЛЕСТІК ТУДЫРАДЫ
Adym.kz: Шымкентте “ShymkentBuild-2018” атты құрылыс және интерьер көрмесі басталды. Құрылыс секторында озық технологияларды жетілдіріп, отандық және шетелдік кәсіпорындардың жетістіктерін паш етуді көздеген көрмеге Қазақстан, Өзбекстан және Ресей елдерінің 30-ға жуық кәсіпорындарының өнімдері (құрылыс, әрлеу материалдары мен жабдығы, лак-сыр өнімдері, құрылыс техникасы, ғимараттарды автоматтандыру құрылғылары мен жылыту, сумен қамту жыбдығы) қойылды.