#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

2 ЖАСАР ШЫМКЕНТТІК БАЛА ҚОРШАУСЫЗ ӨЗЕН АРНАСЫНА ҚҰЛАП МЕРТ БОЛҒАН

Adym.kz: «Шымкентте жоғалған 2 жасар  бүлдіршіннің мәйіті Қарасу өзенінің Бадамға құятын тұсынан табылды». Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Шымкент қаласының әкімдігі Әлинұр Ерболатұлының ата-анасына көңіл айтады. Құтқарушылар Қарасу каналаның Бадамға құяр жерінен баланың денесін тапты» делінген хабарламада.
Еске салар болсақ, 11 наурыз күні сағат 14.00-де Шымкентте тойхананың алдында бала жоғалған болатын. Іздеуге 100-ге тарта адам жұмылдырылған. Құтқарушылар каналдың арнасын жауып, іздестіру жұмыстарын жүргізген. «Өкінішке қарай, үміт ақталмады. Әлинұрдың ата-анасы мен туыстарына шын жүректен көңіл айтамыз және барлық ата-аналарды мүмкіндігінше балаларына мұқият болуға шақырамыз» делінген хабарлама мәтінінде.                           
Алайда, шымкенттік белсенділер жас бала жоғалаған тойхана алдындағы өзен арнасында ешқандай да қауіпсіздік шаралары (қоршау, кедергі) жүргізілмегендігін айтады.
Анығында, қаланың қақ ортасынан ағып өтіп жатқан бірнеше су арналарының жағалаулары әлі де қауіпсіздік талаптарына сай емес.

Соңғы жаңалықтар