ШЫМКЕНТТЕГІ ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС ЖИНАҚ БАНКІНЕН ШУ ШЫҚТЫ

Шымкенттік қоғамдық белсенді Жанна Тулендиева өзінің фейсбук парақшасында осылай деп жазды.
Әлеуметтік желілерде үнемі мемлекеттік бағдарлама арқылы тұрғындарға оңай баспана алудың жолдарын түсіндіріп жүрген белсендінің айтуынша бұл оқиға 3 наурыз күні орын алған.
”Сенбі күні тұрын үй құрылыс жинақ банкінің қауіпсіздік қызметкерлері, түскі асқа кетіп бара жатқан 20 жасар (хатшы) өрімдей қызды «кофе алып келіп берші», — деген сылтаумен өз кабинетіне алдап шақырған. Ғимаратта адам жоқтығын пайдаланып, есікті ішінен құлыптап, оған қоқан-лоққы көрсетіп, психологиялық қысым жасап, банк басшылығына қарсы арыз жаздырып алған”, — дейді қоғамдық белсенді.                         

Пост фейсбук желісінде жариялана салысымен қоғамдық пікір тудырған. Біреулер, жас қызды қорқытып, үркіткен азаматқа деген өкпе-реніштерін білдірсе, кейбіреулері, қызметтік құқығын жеке бас пайдасы үшін асыра пайдаланғандарды заңдық жауапкершілікке тарту керек деп пікір қалдырған.

Бұл ақпарат туралы толық мәліметті Жанна Тулендиеваның facebook парақшасынан оқи аласыздар!