ШЕНЕУНІКТЕРДІҢ ТОЙ, ТУҒАН КҮН ӨТКІЗУІНЕ ҚАТАҢ ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ

Adym.kz: «Өзбекстан президенті селекторлық мәжілісте мемлекеттік қызметкерлердің тойға баруына, аста-төк туған күн тойлауына тыйым салынатынын айтты, — деп хабарлайды ozodlik.org.
Шавкат МИРЗИЕЕВ, Өзбекстан Республикасының Президенті:
— Енді Премьер-министрден бастап, әкімдер, атқарушы орган өкілдерінен бастап той–думанға баруға тыйым салынады. Шайханаларда үкімет көлігімен жүргендер жұмыстан қуылады және жазаланады. Кез-келген басшы, менімен қоса, туылған күнін де, тойын да жасамайды. Қазір мұндай жағдайлар қарапайым халықтың ашу-ызасын тудыруға себеп болып отыр. Той томалақтың бәрі басшыларсыз болуы тиіс. Премьер-министр өз өкілдерімен тойға барғанда, барлығы тік тұрады. Сондықтан, біз ысырапшылдыққа жол бермейміз. Мәселен, тойға артық алынған сол 20 келі еттің орнына аз қамтылған отбасылардың үйін бояуға ақша немесе теледидар алып бер! Менде де мұндай жағдай болған. Министерлер көлігімен барғанда, жұрт қошемет үшін иіліп тұратын. Бас прокуратура, мұндай кімге жарасады?.
Шавкат Мирзиеев мемлекеттік қызметкерлерді коррупцияға тартатын фактордың бірі ретінде той-томалақ екенін айтып, елде әділдік орнататын уақыт келгенін қадап айтты. Жақын арада қабылданатын жаңа Заңда той мерекелерге шақырылатын қонақтар санына қатаң қадағалау жүргізбек. Сонымен қатар, Мирзиёев бұл заңды президент емес сенат қабылдайтынын білдірді.