Adym.kz: «KazAeroSpace» компаниясы Шымкентте жоғары технологияларды енгізетін болады. Шымкент қаласының әкімдігі мен «KazAeroSpace» компаниясы жоғары технологиялар аясында келісімге келді. ОҚО-да өткен «Шымкент қаласының жылу және ыстық су жүйесі: қазіргі жағдайы және даму перспективалары» форумы барысында меморандумға қол қойылды», — деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімідігінің баспасөз қызметі.Компанияның Бас директоры Бағлан Қазиев атап өткендей, бірқатар инновациялық жобаларды іске асыру мегаполистің ғылыми-техникалық потенциалы мен қолданыстағы энергетика саласын жетілдіреді, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мен транспорт саласын аэроғарыштық мониторинг арқылы дамытады.
«KazAeroSpace» компаниясының негізгі қызмет түрі- экономиканың түрлі салаларына жоғарғы технологияларды ендіру, отандық ғарыш технологияларын коммерциализациялау және IT технологияға мемлекеттік- жекеменшік серіктестік механизмін енгізу. Компания жобаларының ішінде — Алматы қаласының автоматтандырылған 3-D геоақпараттық жүйесін құру және Ақмола облысындағы жер қойнауын заңсыз пайдаланатын жер телімдеріне ғарыштық мониторинг жасау қарастырылған.