СТЭМФОРД БРИДЖДЕГІ ТАКТИКАЛАР ШАЙҚАСЫ

Бүгін “Stamford Bridge”де футбол түні. УЕФА Чемпиондар лигасы Плей-офф 1/8  кезеңінің бірінші кездесулері. Лондондық “Челси” мен каталондық “Барселона” арасындағы тартысты ойын.
“Автобус” пен “Тики-таканың” тактикалар теке-тіресі.
Кім мықты?
Эрнесто Вальверденің Лионель Месси, Луис Суарес, Андрес Иньеста бастаған “сиқыршылары” ма? Әлде, Антонио Контенің Эден Азар, Альваро Мората, Оливье Жиру бас болған “барымташылары”ма?
Челси төрттіктен түсіп қалмаса, АПЛ-да жоғалтары жоқ. Ал, Барсаның өкшесін тас қамал “Атлетико мадрид” басып келеді.
Сондықтан өз үйінде лондондықтар терлеп-тепшіп, 8/1 мәселесін шешіп тастауға тырысары анық. Себебі, каталондық команда өз алаңында кімді де болмасын аяп қалмасын жақсы түсінеді.
“Біреу тойға айналғанда, біреу қойды айдапты” демекші, бүгін «букмекерлеріміздің» де алақан ысқылап, болжам жасап, бәс қабылдайтын түні. Әрине, алгоритммен коэффициенттеріне дейін дәл табатын бұл “сәуегей” кеңсенің ұтпаса ұтылған тұсы жоқ.
Ендеше, Стэмфорд Бриджд стадионын кім шулатпақ?
Челсидің сұрмергені Э.Азар ма? Әлде, 20 гол соқсада да тасымаған Л.Месси ме?
Бұл сұрақтарға бірнеше сағаттардан соң жауап алатын боламыз.
Әзірге, назарларыңызға бүгінгі ойынның есебі туралы футбол фанаттарының болжамын ұсынамыз.