ДӘУРЕН АБАЕВ: «ПРЕЗИДЕНТ ҚОҒАМ ПІКІРІНЕ ҚҰЛАҚ АСТЫ»

«ҚР ақпарат және коммуникация министрі  үкімет отырысында латын графикасындағы қазақ әліпбиінен не үшін апострофтың алынғанын түсіндірді», — деп хабарлайды Adym.kz ақпарат агенттігі.
«Осы бағытта жұмыс істеген мамандардың көкейінде сұрақ туды. Апостроф дегеніміз — арнайы белгі, ажыратушы. Бұл іздеу жүйелерін, алгоритмдерді қиындатады. Мемлекет басшысы мамандардың, соның ішінде IT саласы мамандарының пікірін тыңдады. Бұл Президенттің маңызды стратегиялық шешім шығарарда қоғам пікіріне құлақ асатынын дәлелдейді. Әліпбидің қазіргі нұсқасы барынша тиімді», — дейді министр.
Еске салар болсақ, бүгін Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев латын графикасындағы қазақ әліпбиіне өзгеріс енгізілген Жарлыққа қол қойған болатын.