Қытай халқының асыға күтетін ең басты, ең сүйікті мейрамы – Жаңа жыл мерекесі. Биылғы мейрам шығыс күнтізбесі бойынша 16 ақпаннан басталып, 2 наурызға дейін 15 күн тойланады. Мұны қытайлар «Чуньцзе» (chunjie), яғни «Көктемді қарсы алу мейрамы» деп атайды.
Осы айтулы күнге орай отандасымыз, танымал эстрада жұлдызы Димаш Құдайберген  CCTV-1 телеарнасынан қытайлықтарды “Шаған” мерекесімен құттықтады.
Әрі Жаңа жылдық концертте «I am a singer-2017» жобасындағы әріптестерімен бірлікте http://www.iqiyi.com/v_19rrffnmjc.html?vfm=m_150_sogo  өнер көрсетті.

Қытайдың үш мың жылдық тарихы бар жаңа жыл мерекесінде арнайы мерекелік тағам тұшпара дайындалады. Қытай халқы бұл мерекеде бір-біріне көбінесе тәтті тағамдар сыйлап, жақсы тілектер айтумен болады.
Әсіресе жасөспірімдер бұл қуанышты күнді асыға күтіп, сан түрлі отшашуларды тамашалайды.