Оңтүстік Қазақстан облысында діни алауыздық тудыруға қатысы бар деген күдікпен 12 тұрғын ұсталды. Бұл туралы ОҚО ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасы хабарлайды.
«Арнайы операцияны ҰҚК мен облыстық ІІД бірлесіп жүргізген. Операция кезінде діни алауыздық тудыруға қатысы бар деген күдікпен 12 тұрғын ұсталды. Олар Түркістан, Кентау қалалары мен Арыс, Шардара және Түлкібас аудандарының тұрғындары екені анықталды. Тергеу мәліметінше, ұсталғандар әлеуметтік желілерде экстремистік бағыттағы материалдар таратқан»,- делінген депертамент таратқан хабарламада.
Қазіргі таңда ұсталған тұлғалардың үстінен ҚР ҚК-нің 174-бабы «Әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты қоздыру» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Тіпті, оларға заңмен тыйым салынған материалдар таратуға көмектескен тұлғалар да анықталып жатыр.