Ең көп таралған тез жалғанатын өрт сомындары екі бірдей жартылай бұрағыштан тұрады. Ол тығынмен жалғасқан бір-бірімен бірдей қашықтықта орналасқан. Ең көп Богдановтың жартылай гайкалары қолданылады. Оларды бір-бірімен жалғастыру қиын емес. Біріктірілген немесе бөлшектенген су ағынын түзіп, бағыттау үшін күйіп жатқан затқа өрт оқпандары қолданылады. СА-2,5 қол өрт оқпаны жанып жатқан заттың бетіне біріккен су ағысын жібереді. Ал біріккен оқпан арқылы біріктірілген су жылудан сақтайтын су қалқандарына беріледі. КР-Б оқпанында тығынды көтергіш болады, ол су құбырының бұрағышын жаппай суды реттейді немесе мүлде тоқтатады. Өртті сөндіруге арналған шашыратқыш – РС-2 типті оқпандар суды шашыратып береді. Ол үшін жоғарғы жағында шашыратқыш орналасқан. Яғни бұрылғыш муфта арқылы суды жауып реттеуге болады. Дисперсті су газында өрт температурасын түсіріп, өртті тоқтату әртүрлі су шашқыштармен жүзеге асырылады. Ең көп тараған ВВР-1 екі винтті отырғышы бар су шашқыш.
Ішкі өртке қарсы су құбыры өрттің аймағын өшіруге арналған. Ол тірек жүйелердегі су құбырларында ішкі өрт көтергіштері орналасқан. Тіректер барлық жағынан қол жететіндей етіп орналасу керек. Олар көбінесе сатылы аймақтарда орналасады. Өнеркәсіп өндірісіндегі су құбыр торлары сақиналы және сыртқы су құбырлар торынан немесе өзіндік су көздерімен жабдықталады. Өндірістің ішіндегі өрт сөндіруге есептеу бойынша 2,5-5 л өнімділікпен екі өрт сөндіру су ағысы қолданылды. Өртке қарсы көтергіштер жылу берілетін бөлмелерде еденнен 1,35 м биіктікте орналасады. Ұзындығы 10 – 20 м болған иілгіш өртке қарсы құбырлар арнайы сөрелерге салынады. Өртке қарсы құбырлар болмаса, өртті үш сағат ішінде сөндіруге кететін су сиятындай бөшкелер орнатылады.
Өртті сумен сөндірудің механикалық және автоматтық құралдары. Қолданылатын өрт құралдары қолдық, автоматтық және механикалық деп бөлінеді. Механикалық құралдарға матопомпалар, автоцистерна, авто- сорғыш, ал автоматты құралдарға – спринклерлі, дренчерлі құрылғылар жатады. Мотопомпаның негізгі құрам бөліктері – бір рамаға орнатылған іштен жану двигателі және редукторы бар ортаға тартқыш сорғыштан тұрады. Өрт мотопомпасы қозғалмалы және бір рамаға тіркеледі. Қозғалмалы мотопомпа өрт болған жерге автомобильмен, қолмен немесе тасығыштармен жеткізіледі, ал тіркелген мотопомпалар бір осьті тіркеуге бекітіледі, ол автомобиль немесе тракторға жалғанады. Қазіргі кезде қозғалмалы мотопомпалар М-600, МП-800 және МП-1200 қолданылады. Тағы да МП-1400, МП-1600 (11-сурет, № 6-плакат) түрлері бар.
Өрт сөндіру үшін керек болатын жабдықтар мен өрт сөндіру командаларының жеке құрамын өрт орындарына автоцистерна мен авто сорғыштар көмегімен жеткізіледі. Оларда суды өрт орындарына беру және ауа-механикалық көбік алуға арналған ортадан тартқыш сорғыштар орналасқан. Өрт автомобильдер арасында сыйымдылығы 2,1-5 м3 АЦ-40 автоцистерна кең тараған. Түйірлі өрт сөндіргішті АП-3 ПС және ПСБ-3 запас түйіршіктермен 3,2т мөлшерде арнайы автомобильі бар. Аэродомдық қызмет автомобильдері АА-60 және АА-40, сумен, ПО ерітіндісімен және 114в2 хладоппен жабдықталған. Ауа – көбікті сөндіргіш автомобильдер АВ-40, көбік түзегіш запасы 400 л-ға дейін, төмен дәрежелі көбік алу үшін қолданылады. Автоматты құрал қатарларына шашыраған суы бар спринклерлі құралдар кіреді. Олар ғимараттар төбесіне орналасады да түтіктерден тұрады. Ол түтікте спринклерлі болады.
Спринклердің бастарында оңай балқитын металл немесе шыны құлып бар. Бөлгіш түтіктің үш басына шутцер басы бұралады да одан су ағыны отқа қарсы шығады. Диафрагма басында шыны клапанмен жабылған саңылау бар. Клапан 4 құлыппен жабылады, оның екінші басы разеткаға жалғанып, суды шашыратады. Металл құлып қызыл мыс тілімшесінен тұрады. Олар бір-бірімен өзара оңай балқитын балқымамен жалғанған. Ол шыны құлып әбден жабылған капсула. Шыны құлыпты ашу температурасы 53oС, ал металды – 0,5; 72; 93; 141 және 182oС. Бір спринклер ашылса табақ бақылаушы клапан көтеріледі де су түтікпен электрлі дабылға беріледі. Қолдану практикасы спринклерлерді пайдаланғанда 90 % аса өртті сөндіруді қамтамасыз ететінін көрсеті. Топталып жұмыс істейтін дренчерлі құрылғыларды спинклерлі түтіктер, керілген тростар бар. Құрылғының біреуін ашса камераның клапаны астында қысым түседі де, ол ашылып су түтік торына дренчерге келеді. Топталып істейтін дренчерлі құрылғыда қолмен және қашықтықтан басқаратын құрылғы болады. Ол үшін дефлекторлы немесе қалақты дренчер қолданылады.
Өрт байланысы және дабыл беру. Дабыл беру және өрт байланысы өртті автоматты анықтауға, ол туралы өрт сөндіру құрылымындарына дер кезінде хабарлауға арналған. Оған телефон, радиобайланыс, автоматты және қолмен басқаратын өрт дабыл беру құрылғысы, электр сиренасы, қоңырау, т.б. жатады. Өртке қауіпті объектілерде өрт хабарлаушы датчиктер орналастырылады. Олар өрт болған кезде сым арқылы (немесе сымсыз) қабылдаушы аппараттарға дабыл береді. Бұл автоматты өрт дабыл беру құрылғысы деп аталады. Автоматты өрт дабыл беру құрылғысы сәулелік және шеңберлі сұлбалар бойынша орналастырылады. Қолданылатын датчиктерге байланысты олар жылулық, түтіндік, күзетілмелі және аралас болып бөлінеді.
Өртке қарсы дабыл беру құрылғылары өртке қарсы және өртке қарсы күзетілмелі болып екіге бөлінеді. Күзетілмелі өртке қарсы дабыл беру құнды заттар сақталатын қоймаларда, адам көп жиналатын ғимараттарда және тұрғын үйлерде кеңінен қолданылады. Негізгі өрт элементтері мен өрт бақылаушы дабыл беруге өрт хабарлаушы, қабылдағыш станция, байланыс сызығы, қор жинау көздері жатады. Сигналды өрт жылу құрылғысы СТПУ-1 СТ-5 деп аталатын 5 сәулелік қабылдағыш станциядан және 25 ПТИМ-1 хабарлағыштан тұрады. Станцияға 220 В айналмалы ток беріліп тұрады. Ол -100С мен +350С температурада жұмыс істейді. Ал ауа ылғалдылығы 80 % дейін. Бақыланған аймақ 750 м2 жоғары болмауы керек. Дабылды түтінді өрт СДПУ-1 құрылғысы өртті анықтауға, автоматты дабыл беруге (ол өрт туралы мәлемет береді) арналған. Ол СДПУ-1 өрт сөндіру құралдарының автоматты қосылуына арналған және әр бір сәулеге параллельді 10 өрт сөндіргіш аралас КИ-1 типті хабар берушілермен ДИ-1 типті түтіндік хабар берушілерге есептелген. Құрылғы 220 В кернеулі айналмалы токтың келуімен немесе 24 В аккумулятордан қоректенеді. Құрылғы –100С мен +350С температуралы диапазонда салыстырмалы ылғалдылықтың 80 % -ға жеткеннен кейін жұмыс істейді.
Кешенді СКПУ-1 дабыл беру құрылғы түтін, жылу, ашық өртті анықтауға арналған және СИ-1, КИ-1, ИО-1 инфрақызыл хабарлағышпен хабарлайды. Өртке қарсы дабыл беру көлемі 50 сәуледен тұрады (әр бір блок 10 хабар берушіден құралған). Өнеркәсіп өртті хабарлағыштардан тәуелсіз қабылдағыш аппараттарды шығаруда. Олар хабарлағыштардың күйін автоматты бақылап отырады және сәулелікпен дыбысты дабыл берумен бірге оларды белгіленген жеріне жеткізеді. Өрт хабарлаушы құрылғы хабарлағышпен жұмыс істейді, ол жоғары температураға әсер етеді.