#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Республика территориясында ауа температурасының өзгерістері туралы зерттеу жұмыстары жүргізілді

1976–2022 жылдар аралығындағы Қазақстан территориясы бойынша орташа есеппен алынған орташа жылдық ауа температурасының өсуі әрбір 10 жыл сайын 0,33 ºС, жалпы температуралық өзгергіштікке үлесі 30 пайызды құрайды, деп хабарлайды Adym.kz ақпараттық сайты Казгидромет мекемесінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан территориясы және әкімшілік облыстар бойынша орташа алынған жер беті температурасының орташа жылдық және мезгілдік аномалияларының уақытша қатары және олардың 1941–2022 жылдардағы 11 жылдық жылжымалы орташа мәндері, сондай-ақ 1941-2022 жылдардағы ауа температурасының өзгеруінің сызықтық тенденциялары көрсетілді. 1976–2022 жж. аномалиялар 1961-1990 жылдардағы базалық кезеңге қатысты есептелді. Сызықтық тенденциялар соңғы онжылдықтардағы орташа жылдық және мезгілдік жер беті ауа температурасының біртіндеп өсуі туралы көрнекі ақпарат береді. 1976-2022 жылдар кезеңіндегі ауа температурасының өзгеруін бағалау берілген: қарастырылып отырған уақыт аралығындағы ауа температурасы аномалиясының орташа өзгеру жылдамдығын сипаттайтын сызықтық тренд коэффициенті; және уақыттық қатардың толық дисперсиясына трендтің үлесін көрсететін детерминация коэффициенті.

1976–2022 жылдар аралығындағы Қазақстан территориясы бойынша орташа есеппен алынған орташа жылдық ауа температурасының өсуі әрбір 10 жыл сайын 0,33 ºС, жалпы температуралық өзгергіштікке үлесі 30 % құрайды. 1976-2022 жылдар аралығында Қазақстанның барлық облыстарының аумағы бойынша орташа есеппен орташа жылдық ауа температурасының тұрақты өсуі бақыланып, детерминация коэффициенттері 10-55 % аралығында, тенденциялар 5 % деңгейінде маңызды (2.15-сурет, 2.4-кесте). Қазақстанның батыс, оңтүстік-батыс және оңтүстік облыстарында (0,44 ºС/10 жылдан 0,54 ºС/10 жылға дейін), орталық, солтүстік және шығыс облыстарда баяу қарқынмен (0,21 ºС/10 жылдан 0,29 ºС/10 жылға дейін) жылыну байқалады. 29

Аймақтық климатты зерттеу және оның өзгеруін тұрақты бақылау «Қазгидромет» РМК ұлттық гидрометеорологиялық қызметінің басты міндеттерінің бірі болып табылады. 2010 жылдан бастап «Қазгидромет» РМК аймақтық климат және оның өзгеруі мен өзгерістері туралы шынайы ғылыми ақпарат жыл сайынғы бюллетень ретінде шығарады. Қазақстанның географиялық орналасуын және оның кең байтақ аумағын назарға ала отырып, Республиканың әр түрлі аймақтарындағы климаттық жағдайлар биофизикалық жүйеге, экономикалық қызметке және әлеуметтік салаға негативті де, позитивті де әсер етуі мүмкін. Климаттық жағдайның қалыптасуын түсіну мен оның өзгерістерін бағалау үшін, потенциалдық залалын бағалау үшін және адаптация шараларын уақытында және адекватты түрде қабылдау үшін, ең ақырында Қазақстанның тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін қажет. Климаттық жағдайларды есепке алу мен олардың өзгерістерін бағалау әлеуетті салдарларды айқындау және уақтылы және саймасай бейімделу шараларын қабылдау үшін, сайып келгенде, Қазақстанның тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін қажет.

Осы бюллетень шығарылымы 2021 жылы болған климаттық жағдайларды сипаттайды және де ауа температурасы мен жауын-шашынның экстремалды режиміне баға беру мен өткен ғасырдын 1941 жылдарынан бастап жауын-шашын мен ауа температурасының өзгреуіне байланысты тарихи ақпарат ұсынады. Сондай-ақ, бюллетеннің осы шығарылымында климаттың қысқа мерзімдегі өзгеруіне бағалаулар қамтылған – өткен ғасырдың 1970-ші жылдарының ортасынан бастап, көптеген сарапшылардың пікірінше, жаһандық климаттың өзгеруі, әсіресе Солтүстік жарты шарда күшейе түскен.

1961–1990 жж. кезеңіндегі ауа температурасы мен жауын-шашынның ұзақ мерзімді орташа мәндерінің мезгіл бойынша және бір жылдағы орташа есеппен алынған таралу карталары көрсетілген. Қолданылған деректер: Бюллетенді дайындау үшін «Қазгидромет» РМК-ның Республикалық гидрометеорологиялық қорының деректері пайдаланылды: 1) орташа айлық ауа температурасының және жауын-шашынның айлық жиынтықтарының қатарлары қолданылды. 1941 жылдан бастап 120-ға жуық метеостанция біртекті қатарларға ие және олардың деректері облыстардың және жалпы Қазақстан бойынша мәліметтерді жалпылауға қатысады, 1961 жылдан бастап осындай 190-ға жуық метеорологиялық станция бар және олардың деректері 1961–1990 жылдар аралығындағы климаттық нормаларды бағалау, белгілі бір нүктедегі аномалиялар мен үрдістерді бағалау үшін пайдаланылды; 8 2) 1961 жылдан бастап тәуліктік максималды және ең төменгі ауа температурасының және тәуліктік жауын-шашынның қатарлаы (шамамен 190 метеорологиялық станция). Негізгі тәсілдемелер мен әдістер. Бюллетенде «норма» деп 1961–1990 жж. аралығында қарастырылып отырған климаттық ауыспалы шаманың көп жылдық орташа мәні түсіндіріледі. Температуралардың аномалиялары бақыланатын мәндердің нормадан ауытқуы ретінде қарастырылады.

Жауын-шашын мөлшерінің аномалияларын нормадан ауытқу ретінде (ауа температурасына ұқсас), нормадан пайыз ретінде де, яғни норма мәніне түскен жауыншашынның көлеміне пайыздық қатынас ретінде қарастыру қабылданған. Шегінен шығу ықтималдығы бірқатар бақылауларға сәйкес туындайтын ауытқулар мәнінің жиілілігімен (пайызда) сипатталады. Аномалиялардың қосымша сипаттамалары ретінде үлестіру функциясына (бақылаулар қатарында аномалияның сәйкес мәнінің пайда болу жиілігін (%) сипаттайтын асып кетпеу ықтималдығы) және реттік статистикаға негізделген көрсеткіштер пайдаланылады. Реттік статистика (дәрежелер, яғни деректер жиынындағы басқа сандарға қатысты мәндердің реттелген қатарындағы реттік сандар), осы статистиканы бағалау кезеңдері әрбір нақты жағдайда арнайы келісілген. Белгіленген уақыт интервалы үшін климат сипаттамаларының өзгеруін бағалау ретінде сызықтық трендтердің коэффициенттері пайдаланылады, олар ең аз шаршылар әдісі бойынша анықталады. Трендтің маңыздылық шарасы – тренд құрамасының қарастырылып отырған уақыт аралығында климаттық ауыспалы шаманың толық дисперсияна үлесін көрсететін (пайыз түрінде) детерминация коэффициенті (R2). Жерге жақын ауа температурасы үрдісі мен жауын-шашын мөлшерін бағалау жеке станциялар деректері бойынша және Қазақстанның 14 облысы үшін орта есеппен келтірілген. Аумақ үшін метеорологиялық ауыспалы аномалиялардың орташа көлемі ауытқулық станциялық деректерді орташаландыру жолымен есептелген. Облыстардың шекаралары төмендегі карта-сұлбада берілген.

Қазақстан аумағында бақыланған ауа температурасының өзгерістері Қазақстан аумағы және әкімшілік облыстары бойынша орташаланған жер бетіндегі ауа температурасының жылдық және маусымдық орташа ауытқуларының және олардың 1941-2021 жылдар кезеңіндегі 11 жылдық жылжымалы орташа уақыттық қатарлары, сондай-ақ 1976-2021 жылдар кезеңіндегі ауа температурасының өзгеруінің сызықтық тенденциялары көрсетілген. Аномалиялар 1961-1990 жылдардағы базалық кезеңге қатысты есептелген. Сызыктық трендтер соңғы онжылдықтардағы орташа жылдық және маусымдық жер үсті ауа температурасының біртіндеп артып жатқаны туралы ақпарат береді. 1976-2021 жылдар аралығындағы ауа температурасының өзгеруінің бағалары келтірілген: қарастырылып отырған уақыт аралығындағы ауа температурасының аномалияларының орташа өзгеру жылдамдығын сипаттайтын сызықтық тренд коэффициенті; және трендтің уақыт қатарының жалпы дисперсиясына қосқан үлесін көрсететін детерминация коэффициенті. Жалпы Қазақстан аумағы бойынша, 1976-2021 жылдар кезеңінде ауаның орташа жылдық температурасының көтерілуі әрбір 10 жыл сайын 0,32 ºС құрайды, температураның жалпы өзгергіштігіне үлестің 27 % құрайды. Орташа алғанда, Қазақстанның барлық облыстарының аумағы бойынша 1976-2021 жылдар кезеңінде ауаның орташа жылдық температурасының тұрақты өсуі байқалады – детерминация коэффициенттері 10-38 % аралығында, тренд 5 % деңгейінде. Қазақстанның батыс және 30 оңтүстік – батыс облыстарында (0,44 ºС/10 жыл бастап 0,54 ºС/10 жыл дейін) жылдамырақ қарқынмен, орталық, солтүстік және шығыс облыстарда (0,23 ºС/10 жыл бастап 0,29 ºС/10 жыл дейін) баяу қарқынмен жылынуда.

Соңғы жаңалықтар