Қазгидромет: Жер шарында ауа райы жыли бастайды, ал Қазақстанда ол айтарлықтай білінеді деп күтілуде
Адам әрекетінің салдарынан 1894-2014 жылдар аралығында Қазақстанда ауа температурасының өсуі шамамен 2°С болды, Және де соңғы 40 жылда ауа температурасы қарқынмен көтеріліп, орташа алғанда әр он жылда 0,4°С көтеріліп отыр. Бұл ретте, ХХІ ғасыр соңына дейін ел аумағында орташа жылдық және орташа маусымдық ауа температурасының көтерілуі, қуаңшылық пен оның жиі қайталануы жалғасатын болады.
— «Қазгидромет» мамандары 2015 жылы Қазақстандағы ауа райында қандай ауытқулар тіркей алды?
— Ауытқыған ауа райының жарқын мысалы 2015 жылғы мамыр айындағы Астанадағы ауа райы. Ол кезде мамыр өте жауынды болып, рекорд орнатты. 1945 жылы орнатылған рекеордтан асып кетті, ол кезде 84 мл ылғал түскен болатын. Ағымдағы жылғы мамырда 113 мл ылғал түсіп, ол көпжылдық орташа мәннен 3,3 есеге артық болды. Ақмола облысының басқа да стансаларында ылғал нормадан 1,5-3,3 есеге артық жауды. Мысалы, Балқашино метеостансасында айлық норма 34 мл болғанда 96 мл ылғал түсті, Атбасар метеостансасында — 86 мл түсті – норма бойынша 30 мл. Жауынды күндердің көптігі циклондар мен сонымен байланысты тұтас ауа ағымының ықпалынан болды.
Табиғи қауіпті құбылыстардың ішінде ең көп қайталанатыны гидрометеорологиялық құбылыстар. Қазақстанда төтенше жағдай тудыратын ең көп қайталанатын табиғи құбылыстар қатарында су тасқыны (көктемгі су тасуы мен сел), дауыл жел, ерекше суық, ерекше ыстық, қуаңшылық, нөсерлеткен жауын, бұрқасын, көктайғақ, бұршақ, шаңды боран бар.
Кестеде (төменге қара) Қазақстандағы 1991-2014 жылдарғы әр түрлі гидрологиялық құбылыстардың санының 1967-1990 жылдармен салыстырғандағы өзгеруі мен 2003-2014 жылдар аралығындағы гидрологиялық құбылыстардың 1990-2002 жылдарғымен салыстырғандағы сандарының өзгеруі келтірілген.
Соңғы ондаған жылдары күшті аязбен, бұрқасын және бұршақпен байланысты төтенше жағдайлар саны қысқарды. Сонымен қатар нөсерлер, борасын қар мен дауылды желдердің саны арта түсті. 1967-1990 жылдармен салыстырғанда 1991 жылдан бастап таулы өзендерде су тасқыны арта түсті, өзендердегі сең кептемелер, селдік құбылыстар, сондай-ақ қуаңшылық оқиғалары арта түсті. Оларды келтіретін шығыны бойынша қауіпті гидрологиялық құбылыстармен салыстыруға болады.
Мысалы, 2012 жылғы Ертістегі және 2014 жылғы Іледегі су азаюы. Сол кездері ылдидағы өзендерде су тасуы азая түсті. Ол бірінші кезекте ылдилардағы өзендерде су көлемінің азаюымен байланысты.
1966 жылдан бастап қазіргі кезге дейін Қазақстан ауыл шаруашылығына айтарлықтай зиян келтіретін күшті және орташа қуаңшылықтың қайталануы артып келеді.
Қазақстанның негізгі астықты аймақтарында ауыл шаруашылығына айтарлықтай зиян келтіретін (астық түсімін 20% және одан да артық кемітетін) қуаңшылық 3-5 жылда бір рет қайталанып тұруы ықтимал. Облыстық орташа дәнді дақылдар өнімін 50% және одан да көпке төмендететін күшті қуаңшылық 4-5 жылда бір рет қайталанып отыру ықтималдығы жоғары аймақтар қатарынлда Батыс Қазақстан облысы, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай облыстары бар. Қауіпті гидрометеорологиялық құбылыстар саны келешекте арта түседі. Бұл ең алдымен климатқа антропогендік әсер етудің салдарынан климаттың тепе-теңдігі тайып кететіндіктен болады. Халықаралық сарапшылардың есебінше алдағы 20 жылда қауіпті гидрометеорологиялық құбылыстар жиілігі 4 есеге артады.
— Аталған ауытқулар қандай себептерден болады?
— Климаттық өзгерістер неге байланысты дейсіз бе? Климатқа көптеген факторлар әсер етіп отырғанымен ғалымдар олардың арасындағы ең күштісі адам әрекеті екенін анықтап отыр. Осы фактор соңғы 50 жылдағы климаттың өзгеруіне негізгі себеп болып отыр. Климаттың антропогендік өзгерісі ең алдымен ауадағы парниктік газдардың көлемінің артуымен, сондай-ақ ауадағы ұсақ бөлшектердің (аэрозольдердің) құрамының өзгеруімен, мысалы жер пайдаланудың өзгеруімен байланысты болып отыр.
Бұдан 20-30 жыл бұрын климат мамандары адам Жер климатын өзгерте алады ма деген сауалға жоқ деп жауап берген болар еді. Бірақ 70-ші жылдардың басында-ақ атмосферадағы көмірқышқыл газдың мөлшерінің өзгеріп отырғанына алғашқы дәлелдер пайда болды. Дәл өлшемдер тек 50-ші жылдардың соңында басталып, осы бақылаулардан көмір қышқыл газының атмосферадағы мөлшері жыл сайын артып келеді деген нақты қортынды жасауға ондаған жылдар керек болды. Бұл ретте ол Жер шарының барлық аудандарында өзгеріп келеді. Тропикаларда да, оңтүстік полюсте де, орта ендіктерде де осы үрдіс бірдей жылдамдықпен дамып келеді. Белгілі болғандай, көмір қышқыл газы атмосфералық ауаның тұрақты құрамдас бөлігі емес екен. Осы өзгерістердің негізгі себебі жақсы белгілі – көмір, мұнай, газ және құрамында көміртегі бар отынның басқа да түрлерін жағудан.
Адам әрекетінен атмосфераға төрт түрлі парниктік газ шығады: көмір қышқыл газы (CO2), метан (CH4), азот тотығы (N2O) және галоидокөмірсутектілер (құрамына фтор, хлор және бром кіретін газдар тобы). Бұл газдар атмосферада жинақталып, уақыт өте ол газдың концентрациясы арта түседі. Индустриалдық дәуірде осы газдардың барлығының концентрациясы артуы байқалады. Оның барлығы адам әрекетінен деуге болады.
Соңғы 100 жылда ауадағы көмірқышқыл газының мөлшері 40% артып, бір жарым есеге көтерілді. Бұл көрсеткіш миллионға есептегенде 400 көлемдік бірліктен асты(ppm). Индустриалдық дәуірге дейінгі ол көрсеткіштің мәні шамамен 280 ppm. болған. Мұндай айтарлықтай артуы біздің жұмыр Жердің жылу балансын айтарлықтай өзгертеді. Егер әлемдік мұхит әсері болмағанда қазіргі ауа температурасы индустриалдық дәуірдің алдымен салыстырғанда 10 градусқа көтерілген болар еді.
— Шынымен де соңғы 10-15 жылда Қазақстан климатында өзгерістер пайда болып, қысы жылырақ, ал жазы – ыстықтау және құрғақ болу байқала ма? Шынымен де табиғи апаттар Қазақстанда бұрынғыдан ауқымды және қиратушы күші әсерлі бола түсті ме?
— Бүгіндері планетадағы климат өзгеріп бара жатқанына, парниктік әсер тудыратын ауадағы газдардың концентрациясы өсіп отыруы адам әрекетінің салдарынан екеніне ешкім де күмәнданбайды. Климаттың өзгеруі әлемдік қауіп бола бастады. Ол Жер шарының әр тұрғынына, оның ішінде біздің елдің барлық түкпіріндегі адамдарға әсер етеді. Барлық мемлекеттер климаттың өзгеруінің салдарын сезінуде. Ол соңғы жылдары ауа температурасының едәуір көтерілуінен байқалады.
Қазақстан климаты да едәуір өзгеруде және ол жер бетіндегі ауа температурасының айтарлықтай көтерілуінен байқалады. Қазақстан климатының қазіргі ағымдағы өзгерісін жаһандық жылудан 1,5 есе шапшаң жылдамдықпен жылып бара жатыр деп сипаттауға болады. Соңғы 100 жылда (1910-2012 жылдар), Қазақстанның ұзын сонар стансаларының мәліметтері бойынша, Қазақстандағы ауа жылуы жалпы алғанда 1,37°С болған, ал үкіметаралық сарапшылар тобының климаттың өзгеруі жөніндегі (МГЭИК) бесінші бағалау баяндамасы бойынша ауаның жаһандық орташа жылуы 0,85°С болыпты. Бұл ретте жаһандық ауқымда байқалып отырған жылудың тежелуінің үрдісі Қазақстан аумағында әзірге байқалмайды.
Есептеу көрсеткендей, 1894-2014 жылдар аралығында Қазақстанда ауа температурасының артуы 2°С (жылына 0,017°С) болды. Бұл ретте соңғы 40 жылда ауа температурасы қарқынды көтеріліп, әр 10 жылда орташа алғанда 0,4°С-қа көтеріліп келеді. 1940 жылдан бері алсақ, Қазақстанның басым аумағында ең суық жыл 1969 жыл болды, ол кезде ауа температурасының орташа жылдық ауытқуы минус 2,5°С болып, ал ең жылы – 2013 жыл болып, ауа температурасының ауытқуы 1,69°С болды.
1941-2014 жылдары (73 жылда) Қазақстан аумағындағы ауаның орташа температурасының көтерілуі барлық маусымдарда да байқалды. Жалпы алғанда Қазақстан бойынша ауаның орташа жылдық температурасының көтерілу жылдамдығы әр 10 жылда 0,27 ºС болып отырды.