«2024 жылы14 тамызда Алматы қаласында, түнде Атырауда ауа ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі», — делінген хабарламада.
Қолайсыз метеожағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (тыныштық, әлсіз жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Синоптиктер сондай-ақ 14 тамызға Қазақстан аумағы бойынша синоптикалық жағдай мен қауіпті ауа райы құбылыстарының болжамын ұсынды.
«Солтүстік-батыс циклонының әсерінен ҚР көп бөлігінде найзағай, бұршақ және дауыл болады, елдің оңтүстік-батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде қатты жаңбыр жауады, тек елдің шығысы мен оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы болады. Республика бойынша жел күшейеді, оңтүстікте шаңды дауыл болады», — деді метеорологтар.
Күндіз Алматы, Жамбыл, Шығыс Қазақстан облыстарында және Абай, Жетісу облыстарында, батыста, Түркістан облысының шөлді аудандарында қатты ыстық күтіледі.