#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

ТЖД мамандары балалардың қауіпсіздігі бойынша шеберлік сағатын өткізді

Қостанай облысының құтқарушылары Әулиекөл өңіріндегі балалар лагеріне барып, қауіпсіздік ережелерін үйрету мақсатында тәрбиелік іс-шара өткізді, деп хабарлайды Adym.kz ақпараттық сайты.

Іс-шара барысында балалар тек қана пайдалы білімдер ғана емес, сонымен қатар қауіпсіздік саласындағы практикалық дағдыларға ие болды.

Балаларға өрт қауіпсіздігі талаптары туралыда айтылды. Балалар мен жасөспірімдер үйдегі және ормандағы қауіпсіздіктің негізгі қағидаларын, соның ішінде өрттің алдын алу, өрт кезінде дұрыс мінез-құлық, төтенше жағдайлардың алдын алу жолдарын үйренді.

Іс-шараның маңызды элементі шомылу кезеңінде су қоймаларындағы қауіпсіз ережелерді сақтау болды. Құтқарушылар балаларға қауіпсіз суға түсу, судағы  қауіпті жағдайлардан сақтану, суға батып бара жатқан адамға қалай көмектесу керектігін түсіндірді.

Сондай-ақ құтқарушылар алғашқы медициналық көмек көрсету ережелерінде көрсетті. Балалар төтенше жағдайда басқаларға қалай көмектесу керектігін, жедел жәрдем келгенше зардап шегушінің қауіпсіздігін қалай сақтау керектігін, түрлі жарақат алған кезде қандай іс-әрекеттер жасау керектігін үйренді.

Соңғы жаңалықтар