#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Балаларға өрт қауіпсіздігін үйрету маңызды

Балалардың қауіпсіздігі  Атырау облысы ТЖД басты назарында. Төтенше жағдай кезінде дұрыс іс-қимыл әрекеттеріне үйрету мақсатында барлық тиісті іс-шаралар атқарылуда, деп хабарлайды Адым,кз ақпараттық сайты Атырау облысы ТЖД қызметіне сілтеме жасап.

2023 жылы Атырау облысы бойынша 266 өрт оқиғасы тіркелді, оның ішінде балалардың отпен ойнауы салдарынан 7 өрт оқиғасы орын алған. 2024 жылдың 5 айы ішінде Атырау облысы бойынша 21 өрт оқиғасы тіркелді, оның ішінде балалардың отпен ойнауы салдарынан 3 өрт оқиғасы орын алды.

Балалардың қауіпсіздігі  Атырау облысы ТЖД басты назарында. Төтенше жағдай кезінде дұрыс іс-қимыл әрекеттеріне үйрету мақсатында барлық тиісті іс-шаралар атқарылуда. Облыс төңірегіндегі білім беру мекемелерінде қызметкерлер «Өрт қауіпсіздігі», «Өрт кезінде дұрыс әрекет ету тәсілдері», «Мұздағы/судағы қауіпсіздік» және т.б. тақырыптар бойынша қауіпсіздік бағытында үнемі түсіндірме жұмыстарын жүргізеді. «Ашық есік күндері», балалар арасында қызықты ойындар, өрт сөндіру бөлімдеріне экскурсия ұйымдастырылып, өрт қауіпсіздігі туралы мағұлматтар берілуде.

Атырау облысы ТЖД балаларға өрт қауіпсіздігі талаптарын үйретуге шақырады. Балаларыңыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін мүмкіндігінше балалармен төтенше жағдайларда өзін қалай ұстау керектігі туралы жиі сөйлесіп, өрт және басқа тұтанғыш заттармен ойнаудың ықтимал салдары мен қаупін түсіндіріңіздер!

— балаларға өрт кезінде жасырынып қалуға болмайды, бұл өте қауіпті!

— балаларға сіріңкемен ойнауға, электр құрылғыларын қосуға болмайды!

— өрт кезінде дереу бөлмеден шығу керек, және басқа да өзінен кіші балаларға көмектесу керек;

— өрт болған жағдайда «101» және «112» нөміріне телефон шалу қажет. Балалар өрт сөндірушілерді шақыра отырып, оларға нақты түрде аудан немесе елді мекенің, көшенің, үй нөмірін, қабатын, подъезді, пәтерді және өрт қай жерден шыққанын айту қажет, сондай-ақ кім телефон соғып тұрғанын хабарлау қажет.

Балаларға қауіпсіздік талаптарын үйрету – ата-ананың басты міндеті!

Соңғы жаңалықтар