#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

E-Gov арқылы артық төленген әлеуметтік аударымдар мен қате аударылған МЗЖ қайтаруға өтінімді беруге болады

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп «Электрондық үкімет» порталы (бұдан әрі – e-Gov) арқылы «Әлеуметтік аударымдарды уақтылы немесе толық төлемегені үшін артық (қате) төленген әлеуметтік аударымдарды және өсімпұлдарды қайтару» және «Қате аударылған міндетті зейнетақы жарналарының және өсімпұлдың сомасын қайтару» қызметтеріне өтінім беру мүмкіндігін іске асырды.

Бұрын әлеуметтік аударымдарды немесе зейнетақы жарналарын төлеушілер төлемдер кезінде жіберілген қателіктерді түзету үшін Мемлекеттік корпорацияның әлеуметтік және зейнетақымен қамсыздандыру қызметін үйлестіру жөніндегі орталық филиалының кеңсесіне немесе оның аймақтық филиалдарының бэк-офистеріне жүгінуге мәжбүр болатын.

Бұл ретте қате аударылған сомаларды қайтаруға өтініштерді қабылдау тек қағаз жеткізгіште атқарылса, ал оларды қарауды Әлеуметтік және зейнетақымен қамсыздандыру қызметін үйлестіру жөніндегі орталық филиал жүзеге асырды. Басқа өңірлерден өтініштер «Қазпошта» АҚ немесе курьерлік қызметтер арқылы жеткізілді.

E-Gov арқылы өтінім қалдыру мүмкіндігінің пайда болуы бұл процесті айтарлықтай жеңілдетіп, қызметтерді алу уақытын қысқартады.

eGov.kz порталында қате есептелген сомаларды қайтару бойынша жаңа қызметтер іске қосылды, деп хабарлайды Ұлттық ақпараттық технологиялар АҚ баспасөз қызметі.

Қате есептелген қаражатты қайтару үшін жұмыс беруші eGov.kz порталында өтініш беру керек. бұл қызмет жеке кәсіпкерлер мен заңды және жеке тұлғаларға көрсетіледі. Соманы қайтару туралы өтінішті Порталда жұмыс берушінің өзі ақша кате есептелген қызметкерлердің атына жібереді. Міндетті зейнетақы жарналарының қате есептелген сомаларын қайтару үшін бір өтініште тек 10 қызметкерге дейін бере алады. Егер сома одан да көп адамдарға түскен болса, онда тағы біреуін толтыру керек.

Жаңа қызметтер «Азаматтарға» – «Әлеуметтік қамтамасыз ету» – «Зейнетақымен қатамасыз ету» бөлімінде қолжетімді.  Ал қызметтердің нәтижесі eGov.kz порталының мәртебелік бетінде және жеке кабинетінде Хабарлама түрінде қолжетімді болады.

Қаражатты қайтару міндетті зейнетақы жарналарын ұстап қалу (есептеу) және аудару қағидалары мен мерзімдеріне және әлеуметтік аударымдарды уақтылы және толық төлемегені үшін артық немесе қате төленген әлеуметтік аударымдарды және өсімпұлдарды қайтаруды жүзеге асыру қағидалары мен жағдайларына сәйкес жүзеге асырылады.

Соңғы жаңалықтар