#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Еңбек мобилділігі орталықтарының қызметкерлері еңбек нарығының қажеттілігін болжауды қалыптастыруға оқыды

Семинар барысында еңбек ресурстарын болжау жөніндегі нормативтік-құқықтық актілер, болжамдарды әзірлеу және жұмыста болжау нәтижелерін пайдалану тәртібі туралы мәселелер талқыланды.

«Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ базасында еңбек мобилділігі орталықтарының басшылары мен мамандарына «Өңірлік деңгейде жұмыс күшіне сұраныс пен ұсынысты талдау және болжау» оқыту семинары өткізілді.

Семинар барысында еңбек ресурстарын болжау жөніндегі нормативтік-құқықтық актілер, болжамдарды әзірлеу және жұмыста болжау нәтижелерін пайдалану тәртібі туралы мәселелер талқыланды.

«ЕРДО» АҚ Болжау және зерттеу департаментінің директоры Дмитрий Шумеков еңбек ресурстарын болжау жүйесін қайта жүктеу туралы толығырақ айтып берді.

«Еңбек ресурстарын болжау орталық деңгейде Қазақстанның еңбек нарығының негізгі көрсеткіштерін стратегиялық жоспарлау үшін және өңірлік деңгейде – мемлекеттік білім беру тапсырысын қалыптастыру және орналастыру үшін жүргізіледі.

Атап айтқанда, орталық деңгейдегі сандық тәсілдерден демографиялық, математикалық және мкроэкономикалық модельдеу сақталды, сондай-ақ орта және ұзақ мерзімді перспективаға болжамды бағалау үшін секторлық зерттеулер енгізілді. Өңірлік деңгейде сандық тәсілдерден жұмыс берушілерге сауалнама жүргізу енгізілді және орталық деңгейде жүргізілгенге ұқсас модельдеу енгізілетін болады. Сапалы тәсілдердің ішінен – болашақ және сұранысқа ие кәсіптердің, біліктіліктер мен дағдылардың өңірлік форсайты да бар», – деді Дмитрий Шумеков.

Еңбек ресурстарын болжаудың жетілдірілген ұлттық жүйесі өңірлер мен аудандар бөлінісінде еңбек нарығының қажеттілігінің болжамын дәлірек қалыптастыруға мүмкіндік береді, бұл оның нәтижелерін анағұрлым тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар семинарға қатысушыларға «ЕРДО» АҚ орталық деңгейінде қолданылатын тәсілдер көрсетілді.

Семинар қорытындысы бойынша өңірлерден 60-тан астам қатысушы еңбек нарығындағы жаңартылған болжау жүйесінің негізгі қағидаттарымен және оның құрамдас элементтерімен танысты.

Соңғы жаңалықтар