#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

686 мыңнан астам адам Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаға қатысты

Осы жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша 2021 – 2025 жылдарға арналған Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаға 686,2 мың адам қатысты. 488,2 мың адам жұмысқа орналасты, оның 292,3 мыңы тұрақты жұмысқа орналасты.  

Субсидияланатын жұмыс орындарына 195,9 мың адам орналастырылды. Оның ішінде әлеуметтік жұмыс орындарымен 17,3 мың адам, жастар практикасымен 32,9 мың адам, қоғамдық жұмыстармен 120,6 мың адам, «Алғашқы жұмыс орны» жобасы аясында 9,5  мың адам, «Ұрпақтар келісімшарты» жобасы аясында 485 адам, «Күміс жас» жобасы аясында 15,1 мың адам жұмыспен қамтылды.

Еңбек нарығында сұранысқа ие дағдылар бойынша онлайн оқытумен 45,1 мың жұмыссыз қамтылды, оның ішінде 41,2 мыңы оқуды аяқтады.

Сондай-ақ, «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытумен 131,9 мың адам қамтылды, оның ішінде 98,3 мың адам оқуды аяқтап, сертификаттар алды.

Қызмет саласын таңдау мақсатында 134,1 мың адам әлеуметтік кәсіптік бағдарлаудан өтті.

Бұдан басқа, 2023 жылы Ұлттық жоба шеңберінде 400 АЕК (1 380 000 теңге) мөлшерінде жаңа бизнес-бастамаларды іске асыру үшін 9 мың грант беру көзделген. Жыл басынан 9102 грант берілді.

Бүгін «Бастау Бизнес» жобасына қатысуға өтінім қабылдаудың бірінші легі басталып, 10 күнге жалғасады.  Жыл ішінде барлығы төрт лек өтетіні жоспарланған. Грант мөлшері 400 АЕК-ке (1 380 000 теңге) тең. Әр қатысушы мұндай грантты бір рет қана ала алады.

Айта кетейік, грантқа қатысты кез келген сұрақ бойынша ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жанындағы Өңірлік жұмыспен қамту орталықтарына жүгінуге болады.

Гранттар мынадай мақсаттарға: қажетті жабдық (инвентарь), еңбек құралдары, технологиялық жабдық, жануарлар, төрт түлік, құс, ағаш көшеті, бұталы өсімдіктер, тұқым, көшет сатып алу, жаңа бизнес идеяларды іске асыруға қажет орынжайды жалға алуға беріледі. Гранттар несие төлеу, тұрғын жылжымайтын мүлікті сатып алу және салу, жер учаскелерін сатып алу, акциздік өнімдерді өндіру сынды тұтынушылық мақсаттарға берілмейді.

Өтінім беру үшін: порталда тіркелу; грант алу шарттарына сәйкестікті тексеруден өту; бизнес-жоспар үлгісін жүктеп алу, оны толтырып, порталға қайта жүктеу; өтінім формасын толтырып, ЭЦҚ арқылы  қол қою керек.

«Бастау Бизнес» оқуына жазылу үшін business.enbek.kz порталында тіркеліп, оқу шарттарына сәйкестікті автомат тексеруден және оқу шарттарына сәйкестіктен өтуі керек. Шарттарға сәйкес келген қатысушы skills.enbek.kz  порталына өтіп, оқуға кірісе алады.

Халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік грант алуға үміткерлер: жұмыссыз ретінде тіркелгендер; жеке кәсіпкерлер (тіркеу мерзімі 3 жылға дейін).

Бұл ретте үмыткер мына санаттардың біріне жатуы тиіс:  мүгедектігі бар азаматтар; «қандас» мәртебесі баразаматтар; өңіраралық қоныс аударушылар; аз қамтылған отбасы мүшесі; көпбалалы отбасы мүшесі (әйелі/күйеуі); мүгедектігі бар бала асырап отырған азаматтар (әйелі/күйеуі); асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы алушылар.

Үміткердің «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздерін оқығанын растайтын сертификаты болуы керек. Сертификаттың мерзімі 3 жылдан аспауы керек.

Соңғы жаңалықтар