#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Түркістан облысында 700-ден астам жас «Ауыл аманаты» жобасы бойынша жеңілдетілген несие алуға құжат тапсырған

Түркістан облысында 700-ден астам жас жеңілдетілген несие алуға құжат тапсырған, деп хабарлайды Адым кз ақпараттық сайты Түркістан облысының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Елімізде өз ісін ашуға ниетті азаматтарға түрлі мемлекеттік қолдаулар қарастырылған. Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың бастамасымен кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы саласы мен жаңа бизнес идеяларды дамытуға бағытталған бағдарламалар іске қосылды. Оның ішінде жастар мен әлеуметтік көмек алушыларға ерекше назар аударылуда.
Бүгін Түркістанда жастарға арналған жеңілдетілген несие берудің іске асырылуы мен «Ауыл аманаты» жобасына атаулы көмек алушылардың (АӘК) қатарын арттыру мәселелері бойынша мәжіліс өтті. Жиынға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ермек Кенжеханұлы, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Әсия Темірбаева, облыстық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің директоры Ернар Бектаев, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ның Түркістан облыстық филиал директоры Фурхат Миркаримов, аудан және қалалардағы әкім орынбасарлары, жауапты сала мамандары қатысты.
2,5 пайыздық несие алуға жыл басынан бері 720-дан астам түркістандық жастың бизнес-жобасы қабылданып, кеңестер берілді. Оның ішінде, 612 үміткердің құжаттары комиссия қарауына ұсынылып, 568 азамат бизнея-идеясын қорғады. Нәтижесінде 308 үміткердің жобасы мақұлданып, қалғанына оң шешім қабылданбады. Сондай-ақ 44 жоба 18 тамыз күні өтетін комиссияда іріктелетін болады. Мақұлданған жобаларды 104-і қаржыландырылды.
— Түркістан өңірінде 594 жасқа жеңілдетілген несие беру жоспарланған. Биыл наурыз айынан бастап Сенім білдірілген агент «Аграрлық несие корпорациясы» бағдарламаға қатысуға құжаттар мен жобалар қабылдауды жалғастыруда. Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру жәнә әлеуметтік бағдарламалар басқармасы қарауға жолданған бизнес-жобаларды талқылап, үміткерлермен сұхбаттасу жүргізуде. Бүгінгі таңда 14 комиссия отырысы өткізілді. Дегенмен жұмыс қарқыны әлі де баяу. Мал шаруашылығы бойынша өтінімдер басым. Әрине, жайылым мәселесі жоқ аудандарда қолға алуды қарастыруға болады. Бірақ облыста жаңа кәсіп түрін жүзеге асыруға немесе қызмет көрсету саласын дамытуға ынталы жастарды қолдауымыз керектігі қайта-қайта ескертілуде. Жоспарды орында алмай жатқан, жұмыс деңгейі төмен аудан, қала әкімдіктері, жергілікті «Жастар ресурстық орталықтары» жұмыс ауқымын күшейтіп, халық арасында бағдарлама жайлы түсіндіру жұмыстарын жандандыруы қажет, — деді облыс әкімінің орынбасары.
Мәжілісте «Ауыл аманаты» жобасы арқылы ауыл тұрғындарының әл-ауқатын жақсарту және әлеуметтік мәселелерді шешу, өзін-өзі қамтамасыз етілгендерді заңдастыру жайы қозғалды. Аталған жобаны Түркістан облысының 64 ауыл округінде іске асыру бойынша 19 млрд. теңге бөлінген. Аз қамтылған отбасыларға шағын несие беру және ашылған жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру бойынша тапсырмалар беріліп жиын қорытындыланды.

Соңғы жаңалықтар