#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Түркістан: «Табысқа апарар жол»: Жұмыссыздық мәселесі шешілуде

«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалы қоғамдық қабылдау бөлмесінде мемлекеттік мекеме басшылары «Табысқа апарар жол» акциясы аясында азаматтардың өтініш-тілектерін тыңдады, деп хабарлайды Адым кз ақпараттық сайты.

Аталған жоба жұмыссыз азаматтарды тұрақты жұмысқа орналасуға көмек көрсетіп, оларға дұрыс бағыт-бағдар мен кеңес беруді мақсат етеді.
Қабылдауды «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалы Атқарушы хатшысының орынбасары, облыстық мәслихат депутаты Қалыйма Жантөреева мен Түркістан облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының “Еңбек мобильділігі орталығы” КММ-і директоры Ақмарал Жолаева өткізді.
Қоғамдық қабылдауға келген өңір тұрғындары негізінен тұрақты жұмысқа орналасу және атаулы әлеуметтік көмекке мұқтаждығы бойынша мәселелерін жеткізді.
Бәйдібек, Сауран аудандары мен Түркістан қаласының тұрғындары «Жастар практикасы» бағдарламасы аясында жұмыс істейтінін, алайда жалақының кешігуі салдарынан зейнетақы қорына түсуі тиіс қаржыдан проблема туындап жататынын атап өтті. Аталған сұрақ бойынша Түркістан облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының “Еңбек мобильділігі орталығы” КММ директоры Ақмарал Пернебекқызы өтініш иелеріне ағымдағы жылдың 25 жұлдызына дейін бірыңғай зейнетақы қорына тиісті қаржысы төленетінін түсіндірді. Сонымен қатар, әр айдың 10 на дейін жалақылары толық төленетіндігі тұрғындарға хабарланып, мәселе оң шешімін тапты.
Тұрақты жұмысқа орналасуды қалайтын Сауран ауданының тұрғындары Ш.Дадашоваға тұрақты жұмыс орын табылғанша уақытша ақылы қоғамдық жұмыс ұсынылды және С.Шукируллаға балабақшаға жұмысқа орналасу үшін жолдама берілетіндігі айтылды. Одан бөлек, қоғамдық қабылдауға жазылғандар тікелей эфир арқылы да сауал жолдап, тиісті жауабын алды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев азаматтардың әл-ауқаты мен олардың әлеуметтік жағдайы әрқашан мемлекеттің назарында болуын атап өткен болатын. Атап өтейік, ақпарататтық көрсеткіш бойынша, І-жартыжылдықта партияның қоғамдық қабылдауларына жұмысқа орналастыру және еңбек даулары мәселелері бойынша 4 мыңнан астам азамат жүгінген.
Келіп түсетін өтініштердің едәуір бөлігі жұмысқа орналасуға қатысты болғандықтан, қоғамдық қабылдаулар халықпен тығыз байланыста жұмыс істейді.
«Табысқа апарар жол» акциясы бойынша, жұмысқа орналасуға көмек бекітілген кестеге сәйкес партияның аймақтық, аумақтық филиалдарының қоғамдық қабылдау бөлмелерінде әр айдың екінші сәрсенбісінде жүргізілетін болады.

Соңғы жаңалықтар