Айта кетерлігі, Түркістан облысында «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы аясында 300-ден астам кәсіпкерге несие берілген.
«Жалпы, осынау жұмыстарға биылға 3,282 млрд теңге қаралып, несие беру жұмыстары жүргізіліп жатыр. 2018 жылдың І жарты жылдығында атқарылған жұмыстардың ішінде «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы 260 адамға несие берілсе (1 122,5 мың теңге), мұндағы 184 кәсіпкер мал шаруашылығымен айналысады. 6 пайыздық үстемемен 7 жылға берілген өзге де кредиттер жылыжай, жиһаз өндірісі және шаштараз кәсібіне бұйырды» делінген хабарламада.
«Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» бағдарламасын іске асырудың екінші тармағы бойынша «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы 64 адамға (201 652 мың теңге) 6 пайызбен 7 жылға несие рәсімделген. Оның 63-і — мал шаруашылығына қатысты бизнес болса, 1-еуі — жылыжай саласына тиесілі.
Одан бөлек, нәтижелі жұмыспен қамту, жаппай кәсіпкерлікті және кооперативтерді дамытуға республикалық бюджеттен қосымша 3 млрд теңгеге өтінім беріліп, оның 1,8 млрд теңгесі қолдау тапқан.