#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

81 әлеуметтік нысан мүгедектігі бар адамдарға толығымен бейімделді

Мүгедектігі бар адамдардың заңды құқықтарын қамтамасыз ету мақсатында Атырау облысында 574 әлеуметтік инфрақұрылым нысан бейімделді, оның ішінде 81 нысан ерекше қажеттіліктері бар адамдардың барлық санаттарына толықтай сәйкестендірілді.

Бұдан бұрын хабарланғандай, елімізде 2025 жылға дейін Қазақстан Республикасында мүгедектігі адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі ұлттық жоспар, «Аманат» партиясының Жол картасы және және 2021 жылы Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әзірленген «Кедергісіз келешек» жобасы іске асырылуда.

Жоба аясында ел аумағында бейімделуі тиіс 22 мың басым нысан анықталды. 2021 жылдан бастап 2025 жылға дейін жыл сайын осындай талапқа 4400 нысан сай келуі қажет. Ал биылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша 10 444 нысан бейімделді.

Атырау облысында 5 жыл ішінде мүгедектігі бар адамдардың барлық санаттары үшін 1290 нысанды бейімдеу көзделген. Қазіргі уақытта 2021-2023 жылдар аралығында бейімделуге жоспарланған 776 нысанның 574-інде жергілікті атқарушы органдар бейімдеу шараларын жүргізді.

Еңбекмині Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Атырау облысы бойынша аумақтық департаменті (бұдан әрі – Департамент) жүргізген бақылаудан кейінгі тексерулер барысында жоғарыда аталған нысандардың 81-інің толық бейімделгені расталды.

Мәселен, қалада мүгедектігі бар адамдардың барлық санаттарына қол жетімді:

— мемлекеттік мекемелер – 23 (барлық деңгейдегі әкімдіктер – 15, облыстық басқармалар – 1, жергілікті атқарушы органдардың бөлімдері – 7);

— денсаулық сақтау нысандары – 12 (емханалар – 6, ауруханалар – 4, медициналық орталықтар – 2);

— білім беру нысандары – 18 (мектептер – 8, балабақшалар – 7, колледж – 2, университет – 1);

— мәдениет нысандары – 11 (мәдениет үйлері – 6, мұражайлар – 1, кітапханалар – 2, театр – 1, филармония – 1);

— әлеуметтік инфрақұрылымның өзге де нысандары – 14 (ҚТЖ ғимараты – 1, әуежайлар – 1, вокзалдар – 1, облыстық статистика бюросының ғимараты – 1, медициналық-әлеуметтік мекемелер – 3, халыққа қызмет көрсету орталықтары – 4, әлеуметтік оңалту орталықтары – 1, мүгедектігі бар адамдарға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтары – 2);

493 нысан ішінара бейімделген деп танылды, олар бойынша 1551 бұзушылық анықталды: есту қабілеті бұзылған адамдар үшін – 455; көру қабілеті бұзылған адамдар үшін – 426; тірек-қимыл аппараты бұзылған адамдар үшін – 351, кресло-арбамен қозғалатын адамдар үшін – 319.

Сондай-ақ, 2023 жылдың соңына дейін тағы 202 нысанды бейімдеу жоспарлануда.

Бұдан басқа, мемлекеттік бақылау шеңберінде Департаментпен мемлекеттік басқару, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, мәдениет және т.б. салалардағы әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріне 28 тексеру жүргізілді.  Оның ішінде: 13 – жоспардан тыс тексерулер және 15-профилактикалық бақылау шеңберінде.

Тексерулердің қорытындысы бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы 23 ұйғарым беріліп, 1,3 млн теңгеге 4 әкімшілік айыппұл салынды.

Нысандардың меншік иелеріне профилактикалық бақылау жүргізу кезінде бұзушылықтар алғаш рет анықталған кезде оларды әкімшілік жауапкершілікке тартпай, жою туралы нұсқамалар ғана берілетінін атап өту қажет. Нұсқама белгіленген мерзімде орындалмаған жағдайда айыппұл салынады.

Соңғы жаңалықтар