Арнайы бөлім бір ай бұрын ашылды, осы уақыт ішінде оған 2,9 мыңнан астам адам тіркелді, олардың 2,1 мыңы оқып, сертификат алды.
Мүгедектігі бар азаматтардың жеке көмекшісі болғысы келетіндер және мүгедектігі немесе созылмалы ауруы бар отбасы мүшесімен бірге еріп жүретіндерге арналған кәсіптік курстар бұл санаттағы азаматтар арасында көбірек сұранысқа ие.
Сондай-ақ, жобаға қатысушылар бройлер балапаны мен жылыжайларда лимон өсіру, ара шаруашылығы және т. б. курстарда оқуды жөн көреді.
Skills Enbek платформасындағы «Күміс жас» қосымша бетінде ақпараттық технологиялар, ауыл шаруашылығы, қаржы, білім беру, әлеуметтік қызмет көрсету, маркетинг және туризм сияқты бағыттар бойынша 120-дан астам курстар бар.
Пайдаланушыларға курстан өткені туралы сертификат беру көзделген, ол Enbek.kz порталындағы түйіндемеде автоматты түрде көрсетілетін болады. Жұмыс беруші жұмыскерді іздеген кезде ізденушінің түйіндемесінен сертификаттары мен алған дағдыларын көре алады.
Айта кетерлігі, Күміс жас – жұмыс беруші зейнеткерлік жасқа толмаған, 50 жастан асқан жұмыссыз адамдарды жұмысқа орналастыру үшін құратын еңбекақысы субсидияланатын жұмыс орны.
Жұмыстың ұзақтығы 36 айдан аспайды, аяқталғаннан кейін қатысушыға зейнетке шыққанға дейін тұрақты жұмыс орны беріледі.
Жалақыны жұмыс беруші белгілейді және төлейді, бұл ретте 30 айлық есептік көрсеткіштен (АЕК) аспайтындай мемлекет алғашқы 12 айда — жалақының 70%-ын; 13 айдан 24 айға дейін — жалақының 65% -ын; 25 айдан 36 айға дейін — жалақының 60% — ын төлейді.
Жолдама алу үшін тұрғылықты жері бойынша халықты жұмыспен қамту орталығына жүгіну қажет.
Халықты жұмыспен қамту орталықтарының байланыс телефондарын мына жерден білуге болады.
Тіркелген жұмыссыздар сондай-ақ Электрондық еңбек биржасында (Enbek.kz) бос жұмыс орнын таңдай алады.