«2011 жылы Мемлекет басшысының Жарлығымен қазан айының соңғы жексенбісі Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесі болып бекітілді. Құрметті әріптестер, Сіздерді келе жатқан Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің күні – бұл әлеуметтік жұмыстың маңыздылығы мен құндылығын атап өтіп, әлеуметтік қызметкерлерге ерекше еңбектері үшін ризашылық пен құрмет көрсетілетін күн. Бұл мереке бізге қиын өмірлік жағдайға тап болғандарға қамқорлық пен қолдау көрсету қажеттілігін және әлеуметтік әділеттілік пен теңдіктің маңыздылығын еске салады.
Сіздерге ерекше күтім мен қамқорлықты қажет ететін адамдардың мәселелерін шешу жүктеледі. Қарттар мен мүгедектігі бар адамдардың, көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың, жұмыссыздардың және халықтың басқа да әлеуметтік осал топтарының жағдайын жақсарту жолында қосып жатқан үлестеріңіз айрықша.
Азаматтарға қажетті көмек көрсету басты міндеті деп білетін кең жүректі адамдар – бұл елді нығайтуға елеулі үлес қосатын біздің көзге көрінбейтін батырларымыз. Сіздердің жұмыстарыңыз тек еңбекқорлық пен өз істеріңізге деген адалдықты ғана емес, сонымен бірге салқынқандылық пен сезімталдықты, үлкен шыдамдылық пен жанашырлықты қажет етеді. Сіздердің тікелей қолдауларыңыз адамдарға сенімділікпен қатар өмірдің қиын сынақтарын жеңуге күш береді. Барлығы үшін сіздерге алғыс білдіремін!
Құрметті әлеуметтік қорғау жүйесінің қызметкерлері, сіздерді кәсіби мерекемен шын жүректен құттықтаймын! Ел игілігі жолында жасап жатқан жұмыстарыңыз бен болашақ бастамаларымыз халық алдында лайықты бағалана берсін! Әлеуметтік саладағы ерекше еңбектеріңіз бен маңызды істеріңізге сәттілік, өздеріңізге қажымас қайрат тілеймін. Шаңырақтарыңыз бақыт пен берекеге толы болсын», – делінген Светлана Жақыпованың үндеуінде.