#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Тұрғындарға әлеуметтік-еңбек саласын жетілдіру шаралары туралы түсіндірілді

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Олжас Ордабаев Алматы облысына жұмыс сапары барысында кәсіпорындар мен әлеуметтік мекемелердің ұжымдарымен, ҮЕҰ өкілдерімен және өңір халқымен кездесті.

Ол ҚР Әлеуметтік кодексі аясында қаралған әлеуметтік-еңбек саласын жетілдірудің жаңа тәсілдері туралы айтты.

Вице-министр өңірге келгеннен кейін Алматы облысы әкімінің орынбасары Рустам Исатаевпен кездесіп, содан кейін өңір тұрғындарымен, ҮЕҰ-мен, жұмыс берушілермен, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлерімен кездесу өткізді.

Олжас Ордабаев Әлеуметтік кодексте көзделген жаңа әлеуметтік саясатты іске асыру жөніндегі шаралар туралы хабарлады. Ол осы құжаттың негізгі ережелері туралы айтып, халықты жұмыспен қамтудың жаңа тәсілдеріне егжей-тегжейлі тоқталды.

«Осы бағытта Әлеуметтік кодексте үш негізгі аспект көзделген. Олардың біріншісі – икемді жұмыспен қамтудың барлық түрлерін тануды көздейтін еңбек нарығын ырықтандыру.

Осы мақсатта «тәуелсіз жұмыскер» ұғымы енгізілді, яғни ол – табыс әкелетін еңбекпен айналысатын, бірақ тиісті уәкілетті органдарда ресми мемлекеттік тіркеуі жоқ адам», – деді вице-министр.

Егер тәуелсіз жұмыскерлер өз қызметін офертаға онлайн-платформаларды қосу немесе жария шарт жасасу арқылы жүзеге асыратын болса, онда олар ресми түрде жұмысқа орналастырылған деп танылатынын атап өтті. Мысалы, Яндекс такси онлайн-платформасына қосылған такси жүргізушілері, Glovo онлайн платформасына қосылған курьерлер осы санаттағы жұмысшылар қатарына қосылады.

«Бұл жұмыскерлер үшін онлайн-платформа операторлары қолданыстағы салық режимдеріне сәйкес салық төлемдері мен әлеуметтік жарналарды аударады. Бұл тәуелсіз жұмыскерлерді жалдамалы қызметкерлермен тең дәрежеде әлеуметтік қорғау және қолдау шараларымен қамтуға мүмкіндік береді және бұл ретте олардан қосымша тіркеуді талап етпейді, сондай-ақ мұндай жұмыскерлерге қосымша қаржылық жүктеме туғызбайды», – деп атап өтті Ордабаев.

Вице-министр жұмыс күшінің дағдыларын арттыру – екінші негізгі аспект деп атады, оны іске асыру үшін «Ұлттық біліктілік жүйесін дамыту шеңберінде білім беру жүйесі мен еңбек нарығының өзара байланысын қамтамасыз етуге бағытталған кәсіптік біліктілік туралы» заң қабылданды.

«Жас жұмыскерлердің құзыреті мен жұмыс берушілердің қажеттіліктері сапасының сәйкестігіне қол жеткізу үшін заңмен жаңа кәсіптік стандарттар негізінде білім беру бағдарламаларын жаңарту регламенттелген.

Сонымен қатар, формалды білім беру арқылы ғана емес, сонымен қатар формалды емес немесе информалды оқыту арқылы алынған дағдылар мен білімді тану мүмкіндігі бекітіледі. Яғни, қысқа мерзімді курстар, тіпті білім беру жүйесінен тыс, адамның күнделікті өмірі барысында алынған жаңа білім мен дағдылар сияқты тәсілдер», – деп хабарлады вице-министр.

Олжас Ордабаев бұл реформа оқу нәтижелерін түлектердің практикалық тәжірибесіне «түрлендіруге», жастардың өмір бойы оқыту арқылы еңбек нарығындағы өзгерістерге бейімделуін жеделдетуге мүмкіндік беретінін атап өтті.

Ол жұмыспен қамту орталықтарын мансаптық орталықтарға айналдыруды және еңбек мобильділігі орталықтарын құру маңызды өзгерістердің бірі деп атады. Қызмет көрсетудің жаңа форматына көшу осы жылдың 1 шілдесінде Әлеуметтік кодекстің күшіне енуімен жүзеге асырылды.

«Еңбек мобильділігі орталықтарының қызметі облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың еңбек нарығын үйлестіруге, сондай-ақ бір-бірімен өзара іс-қимылға бағытталған. Өз кезегінде мансап орталықтары жұмыспен қамту орталықтарының барлық функцияларын сақтап қалды. Бұл ретте оларда көрсетілетін қызметтердің барлық дерлік спектрі цифрландырылған және қазақстандықтарға Электрондық еңбек биржасы арқылы қолжетімді. Мысалы, биылдың өзінде жұмыссыз ретінде тіркелген азаматтардың 60 %-ы онлайн-функционалды пайдаланды», – деп бөлісті вице-министр.

Жұмыс сапары барысында Олжас Ордабаев өңірдің еңбек мобильділігі орталығына және Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба аясында грант алушылар құрған бірқатар ұйымдарға барады.

Соңғы жаңалықтар