#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

«ҚазТрансГаз» ұлттық компания мәртебесіне ие болды

Қазақстан үкіметі "ҚазТрансГазға" ұлттық компания мәртебесін берді.

Қазақстан үкіметі «ҚазТрансГазға» ұлттық компания мәртебесін берді, — деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

«Қазақстан Үкіметінің 2021 жылғы 30 қарашадағы № 852 қаулысы бойынша «ҚазТрансГаз» АҚ-қа ұлттық компания мәртебесі берілді. Тиісті толықтыру «Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың тізбесін бекіту туралы» ҚР Үкіметінің қаулысына енгізілді. Сондай-ақ, ҚР Үкіметінің №853 қаулысымен «ҚазТрансГаз» акционерлік қоғамы «ҚазТрансГаз» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы болып қайта аталды», — делінген хабарламада.

Бұған қоса, «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» ҚР кодексінің 278-бабы 8-тармағына сәйкес ҚР Үкіметі жер қойнауын пайдалану саласындағы ұлттық компаниялар қызметінің аражігін ажыратуды бекітті. Осы құжатқа сәйкес, «ҚазТрансГазға» газ және газ конденсатты кен орындарында барлау және өндіру бойынша басымды құқық берілді.

Бұған дейін «ҚазМұнайГаз» «ҚазТрансГаз» компаниясының 100 пайыз акциясын «Самұрық-Қазына» қорына 1 теңгеге бергені хабарланған болатын.

«ҚазТрансГаз» геологиялық барлаудан бастап түпкілікті өнімді өткізуге дейінгі барлық тізбек бойынша қызмет атқарады.

Соңғы жаңалықтар

Түркістан: Кентауда 109 байланыс орталығының жұмысы жандана түсті

Түркістан облысы, Кентау қаласының әкімі Дәурен Махажановтың тапсырмасымен қалада тұрғындардың арыз-шағымын, ұсыныс-өтініш дер кезінде қабылдау мақсатында 109 байланыс орталығы құрылып, үздіксіз жұмыс атқарып келеді....

Тұрғындардың өтініші – басты назарда

Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидасы бойынша Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов тұрғындарды кезекті рет онлайн қабылдады. Қабылдауға қатысқан тұрғындар қоғамдық көліктердің...

Түркістан мен Вильнюс қаласы арасында әуе рейсін ашу ұсынылды

Бүгін Түркістанға еліміздегі Литва Республикасының Бас косулы Гвидас Керушаускас жұмыс сапарымен келді. Балтық жағалауынан келген елшімен Түркістан облысының әкімі Рашид Аюпов кездесу өткізіп екіжақты...

Шымкентте бейнебақылаудың көмегімен 300-ге жуық қылмыс ашылған

Бүгін, 2021 жылдың 3-желтоқсанында республикалық және жергілікті БАҚ өкілдеріне баспасөз-брифингін өткіздім. Баспасөз мәслихатында Шымкент қаласы аумағында қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін бақылайтын 1500 бейнебақылау...

Сарапшылар Түркістанның туристік әлеуетін жоғары бағалады

Түркістанның туристік әлеуеті өте жоғары. Мүмкіндіктері де мол. Бүгін Түркістан облысында туризм саласының дамуы және перспективалары талқыланған жиында туризм бизнесінің өкілдері осылай деді. Оларды...

Тоқаев халықаралық инвестициялық компания өкілдерімен кездесті

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ақорда резиденциясында ірі халықаралық инвестициялық компаниялардың өкілдерімен кездесті, - деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. Жиында Мемлекет басшысы шетелдік инвестициялар Қазақстан дамуының...

Жоғарғы Соттың бұрынғы судьясы 5 жылға бас бостандығынан айырылды

Нұр-Сұлтанда Жоғарғы Соттың бұрынғы судьясы Жанғұттинов бес жылға бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz  сайтына сілтеме жасап. Сот Жанғұттинов жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын...

Асхат Аймағамбетов мұғалімдердің орташа жалақысын атады

ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мұғалімдердің орташа жалақысын атады, деп хабарлайды ADYM.KZ Inform.kz сайтына сілтеме жасап. «Отандық білім беруді дамытудың маңызды кезеңдерінің бірі...

Түркістан: Этносаралық қатынастарды тиімді қамтамасыз ету мәселесі талқыланды

Түркістан қаласында «Этносаралық қақтығыстардың алдын алу жолында оның механизмі мен алгоритмін қалыптастыру» тақырыбында семинар өтті. Аталған семинар облыс аумағында түрлі саладағы құқықтық қатынастарда этносаралық қақтығыс...