#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Түркістан: Тәуелсіздік құрдастары партияға қабылданды

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні қарсаңында «Nur Otan» партиясының Түркістан облыстық филиалында салтанатты түрде партияға қабылдау іс-шарасы өтті.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні қарсаңында «Nur Otan» партиясының Түркістан облыстық филиалында салтанатты түрде партияға қабылдау іс-шарасы өтті.
«Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бейсен Тәжібаев айтулы мерекемен құттықтап, белсенді азаматтарға партиялық билет пен төсбелгі табыстады. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні қарсаңында Елбасының «Қазақстан жолы» кітабы тарту етілді.
«Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында әрі бүгінгі мерекеде қауышқаныма қуаныштымын. Тәуелсіздік – әлемдегі ең құдіретті сөз. Ел еркіндігі. «Nur Otan» партиясы халқымыздың әлеуметтік жағдайын жақсартып, елдің дамуына бағытталған Елбасы тапсырмаларын жүзеге асыруға үлкен үлес қосты. Алғашқы сәттен-ақ партия құрамына 164 мың адам мүше болса, қазір олардың саны 800 мыңнан асты. Облыс бойынша 244 бастауыш партия ұйымынан құрылған 80 мыңнан астам партия мүшесі бар. Енді оның саны өздеріңіз секілді сан-саланың белсенді азаматтарымен толығуда. Бүгінгі салтанатты шараға елдің өркендеуі жолында қызмет атқарып жүрген мемлекетшіл азаматтар жиналды. Партияның ұстанымын қолдап, жауапкершілікпен Қазақстанның дамуына үлес қосайық» – деді Бейсен Дәулетұлы.
«Нұротандық» атанған азаматтардың қатарына білім беру мен денсаулық саласының мамандары, жеке кәсіпкерлер, мемлекеттік және жергілікті өкілдік органдары қызметкерлерінен жалпы саны 15 үміткер енді. Оның ішінде 6-ауы – Тәуелсіздік құрдастары. Жиын барысында партия қатарына қабылданған үміткерлер Елбасы Н.Назарбаевтың «Елдіктің жеті тұғыры» атты қағидаты жастарға серпін берген үндеу болғанын атап өтті.
Жалпы партияның Түркістан облысындағы филиалдарына биыл 2273 адам қабылданды. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні қарсаңында аудандық, қалалық филиалдарда да салтанатты қабылдау іс-шарасы өтуде.

Соңғы жаңалықтар

Түркістан: Кентауда 109 байланыс орталығының жұмысы жандана түсті

Түркістан облысы, Кентау қаласының әкімі Дәурен Махажановтың тапсырмасымен қалада тұрғындардың арыз-шағымын, ұсыныс-өтініш дер кезінде қабылдау мақсатында 109 байланыс орталығы құрылып, үздіксіз жұмыс атқарып келеді....

Тұрғындардың өтініші – басты назарда

Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидасы бойынша Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов тұрғындарды кезекті рет онлайн қабылдады. Қабылдауға қатысқан тұрғындар қоғамдық көліктердің...

Түркістан мен Вильнюс қаласы арасында әуе рейсін ашу ұсынылды

Бүгін Түркістанға еліміздегі Литва Республикасының Бас косулы Гвидас Керушаускас жұмыс сапарымен келді. Балтық жағалауынан келген елшімен Түркістан облысының әкімі Рашид Аюпов кездесу өткізіп екіжақты...

Шымкентте бейнебақылаудың көмегімен 300-ге жуық қылмыс ашылған

Бүгін, 2021 жылдың 3-желтоқсанында республикалық және жергілікті БАҚ өкілдеріне баспасөз-брифингін өткіздім. Баспасөз мәслихатында Шымкент қаласы аумағында қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін бақылайтын 1500 бейнебақылау...

Сарапшылар Түркістанның туристік әлеуетін жоғары бағалады

Түркістанның туристік әлеуеті өте жоғары. Мүмкіндіктері де мол. Бүгін Түркістан облысында туризм саласының дамуы және перспективалары талқыланған жиында туризм бизнесінің өкілдері осылай деді. Оларды...

Тоқаев халықаралық инвестициялық компания өкілдерімен кездесті

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ақорда резиденциясында ірі халықаралық инвестициялық компаниялардың өкілдерімен кездесті, - деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. Жиында Мемлекет басшысы шетелдік инвестициялар Қазақстан дамуының...

Жоғарғы Соттың бұрынғы судьясы 5 жылға бас бостандығынан айырылды

Нұр-Сұлтанда Жоғарғы Соттың бұрынғы судьясы Жанғұттинов бес жылға бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz  сайтына сілтеме жасап. Сот Жанғұттинов жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын...

Асхат Аймағамбетов мұғалімдердің орташа жалақысын атады

ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мұғалімдердің орташа жалақысын атады, деп хабарлайды ADYM.KZ Inform.kz сайтына сілтеме жасап. «Отандық білім беруді дамытудың маңызды кезеңдерінің бірі...

Түркістан: Этносаралық қатынастарды тиімді қамтамасыз ету мәселесі талқыланды

Түркістан қаласында «Этносаралық қақтығыстардың алдын алу жолында оның механизмі мен алгоритмін қалыптастыру» тақырыбында семинар өтті. Аталған семинар облыс аумағында түрлі саладағы құқықтық қатынастарда этносаралық қақтығыс...