#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Тұрғындардың өтініші – басты назарда

Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидасы бойынша Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов тұрғындарды кезекті рет онлайн қабылдады. Қабылдауға қатысқан тұрғындар қоғамдық көліктердің...

Жоғарғы Соттың бұрынғы судьясы 5 жылға бас бостандығынан айырылды

Нұр-Сұлтанда Жоғарғы Соттың бұрынғы судьясы Жанғұттинов бес жылға бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz  сайтына сілтеме жасап. Сот Жанғұттинов жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын...

Түркістан: Кентауда 109 байланыс орталығының жұмысы жандана түсті

Түркістан облысы, Кентау қаласының әкімі Дәурен Махажановтың тапсырмасымен қалада тұрғындардың арыз-шағымын, ұсыныс-өтініш дер кезінде қабылдау мақсатында 109 байланыс орталығы құрылып, үздіксіз жұмыс атқарып келеді....

Асхат Аймағамбетов мұғалімдердің орташа жалақысын атады

ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мұғалімдердің орташа жалақысын атады, деп хабарлайды ADYM.KZ Inform.kz сайтына сілтеме жасап. «Отандық білім беруді дамытудың маңызды кезеңдерінің бірі...

Тоқаев халықаралық инвестициялық компания өкілдерімен кездесті

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ақорда резиденциясында ірі халықаралық инвестициялық компаниялардың өкілдерімен кездесті, - деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. Жиында Мемлекет басшысы шетелдік инвестициялар Қазақстан дамуының...

Түркістан: Этносаралық қатынастарды тиімді қамтамасыз ету мәселесі талқыланды

Түркістан қаласында «Этносаралық қақтығыстардың алдын алу жолында оның механизмі мен алгоритмін қалыптастыру» тақырыбында семинар өтті. Аталған семинар облыс аумағында түрлі саладағы құқықтық қатынастарда этносаралық қақтығыс...

Түркістан мен Вильнюс қаласы арасында әуе рейсін ашу ұсынылды

Бүгін Түркістанға еліміздегі Литва Республикасының Бас косулы Гвидас Керушаускас жұмыс сапарымен келді. Балтық жағалауынан келген елшімен Түркістан облысының әкімі Рашид Аюпов кездесу өткізіп екіжақты...

Түркістанда этносаралық шиеленістің алдын алу мен болдырмау бағытында семинар өтті

Бүгін Түркістан қаласындағы «Ұлы дала елі» орталығында «Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы құрылымдар: этносаралық шиеленістің алдын алу мен болдырмаудың тиімді тетігі» тақырыбында семинар өтті.

Бүгін Түркістан қаласындағы «Ұлы дала елі» орталығында «Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы құрылымдар: этносаралық шиеленістің алдын алу мен болдырмаудың тиімді тетігі» тақырыбында семинар өтті.
Жиынды Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары – облыстық ҚХА хатшылығының меңгерушісі Дәурен Сариев ашып, жүргізіп отырды.
Семинарға Түркістан облыстық және аудан, қалалардағы Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылымдары мен этномәдени бірлестіктердің жетекшілері мен мүшелері, бұқаралық ақпарат құралдары мен жастар ұйымдарының өкілдері, облыстық қоғамдық даму басқармасы мен «Қоғамдық келісім» мекемесінің басшылық құрамы мен қызметкерлері қатысты.
Жиынның мақсаты – Түркістан облысы аумағында қоғамдық-саяси және этносаралық тұрақтылықты қамтамасыз ету, ұлтына, тіліне қарамастан тұрғындардың бір-біріне деген құрмет, көзқарасын қалыптастыру.
Басқосуда сөз алған облыстық қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары – облыстық ҚХА хатшылығының меңгерушісі Дәурен Сариев өңірдегі этносаралық татулықты, бірлікті сақтаудың маңыздылығына тоқталды.
– Этностар арасында келеңсіздікке жол бермеу баршамызға зор жауапкершілік жүктейді. Тұрақтылық болмаған жерде даму да болмайды. Бұл бағытта Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылымдарына, оның мүшелеріне артылған сенім жүгі жоғары. Біз бірлесе атқарған жұмыстар арқылы азаматтарымыздың татулығы мен бірлігін, қоғамның қауіпсіздігі мен тыныштығын қамтамасыз ете аламыз. Қасиетті Түркістан өңірінде тұрақтылықты сақтау, қазақстандық азаматтық бірегейлікті нығайту, жастарды патриоттық рухта тәрбиелеп, мемлекеттік тілді меңгеру, басқа мәдениет пен дәстүр өкілдерімен өзара тату іс-қимыл жасау дағдысын қалыптастыруда сіздердің қолдауларыңыз аса қажет, – деді ол.
Семинар барысында Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің «Рухани жаңғыру және тәрбие» бөлімінің басшысы Қайрат Анарбаев «Ұлтаралық татулық негізі – «Рухани жаңғыру» тақырыбында пайым-парасатқа толы пікірін ортаға салды.
– Күні кеше Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында «Елдіктің жеті тұғырын» атап өтті. Бұл ретте еліміздің Тәуелсіздігі – кез келген азамат үшін ең қастерлі құндылық. Бірлік пен келісім – елдігіміздің мызғымас тұғыры. Елбасы атап өткендей, отбасы мен салт-дәстүр – қоғамның алтын діңгегі, білім мен еңбек – бақуатты өмірдің кілті. Міне, осы құндылықтарды біз жан-жүрегімізбен сезініп, тірек тұтсақ, Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың ырыс-ынтамағы еселене береді, – деді Қ. Анарбаев.
Сондай-ақ семинарда Қ.А. Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің «Құқықтану» кафедрасының меңгерушісі Асқат Есеналиев «Қазақстан халқы Ассамблеясы – этносаралық бірлік платформасы» тақырыбында баяндама жасап, этносаралық қатынастарды жақсарту бағытындағы ойларын жеткізді.
Баяндамалар оқылып біткен соң семинарға қатысушылар өңіріміздегі этносаралық тұрақтылықты сақтау бойынша пікірлерін білдіріп, ұсыныстарын айтты.
Іс-шара соңында семинар жұмысына қатысушыларға арнайы сертификаттар табысталды.

Соңғы жаңалықтар

Түркістан: Кентауда 109 байланыс орталығының жұмысы жандана түсті

Түркістан облысы, Кентау қаласының әкімі Дәурен Махажановтың тапсырмасымен қалада тұрғындардың арыз-шағымын, ұсыныс-өтініш дер кезінде қабылдау мақсатында 109 байланыс орталығы құрылып, үздіксіз жұмыс атқарып келеді....

Тұрғындардың өтініші – басты назарда

Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидасы бойынша Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов тұрғындарды кезекті рет онлайн қабылдады. Қабылдауға қатысқан тұрғындар қоғамдық көліктердің...

Түркістан мен Вильнюс қаласы арасында әуе рейсін ашу ұсынылды

Бүгін Түркістанға еліміздегі Литва Республикасының Бас косулы Гвидас Керушаускас жұмыс сапарымен келді. Балтық жағалауынан келген елшімен Түркістан облысының әкімі Рашид Аюпов кездесу өткізіп екіжақты...

Шымкентте бейнебақылаудың көмегімен 300-ге жуық қылмыс ашылған

Бүгін, 2021 жылдың 3-желтоқсанында республикалық және жергілікті БАҚ өкілдеріне баспасөз-брифингін өткіздім. Баспасөз мәслихатында Шымкент қаласы аумағында қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін бақылайтын 1500 бейнебақылау...

Сарапшылар Түркістанның туристік әлеуетін жоғары бағалады

Түркістанның туристік әлеуеті өте жоғары. Мүмкіндіктері де мол. Бүгін Түркістан облысында туризм саласының дамуы және перспективалары талқыланған жиында туризм бизнесінің өкілдері осылай деді. Оларды...