#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Шымкентте бейнебақылаудың көмегімен 300-ге жуық қылмыс ашылған

Бүгін, 2021 жылдың 3-желтоқсанында республикалық және жергілікті БАҚ өкілдеріне баспасөз-брифингін өткіздім. Баспасөз мәслихатында Шымкент қаласы аумағында қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін бақылайтын 1500 бейнебақылау...

Жоғарғы Соттың бұрынғы судьясы 5 жылға бас бостандығынан айырылды

Нұр-Сұлтанда Жоғарғы Соттың бұрынғы судьясы Жанғұттинов бес жылға бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz  сайтына сілтеме жасап. Сот Жанғұттинов жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын...

Асхат Аймағамбетов мұғалімдердің орташа жалақысын атады

ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мұғалімдердің орташа жалақысын атады, деп хабарлайды ADYM.KZ Inform.kz сайтына сілтеме жасап. «Отандық білім беруді дамытудың маңызды кезеңдерінің бірі...

Түркістан мен Вильнюс қаласы арасында әуе рейсін ашу ұсынылды

Бүгін Түркістанға еліміздегі Литва Республикасының Бас косулы Гвидас Керушаускас жұмыс сапарымен келді. Балтық жағалауынан келген елшімен Түркістан облысының әкімі Рашид Аюпов кездесу өткізіп екіжақты...

Тоқаев халықаралық инвестициялық компания өкілдерімен кездесті

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ақорда резиденциясында ірі халықаралық инвестициялық компаниялардың өкілдерімен кездесті, - деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. Жиында Мемлекет басшысы шетелдік инвестициялар Қазақстан дамуының...

Түркістан: Кентауда 109 байланыс орталығының жұмысы жандана түсті

Түркістан облысы, Кентау қаласының әкімі Дәурен Махажановтың тапсырмасымен қалада тұрғындардың арыз-шағымын, ұсыныс-өтініш дер кезінде қабылдау мақсатында 109 байланыс орталығы құрылып, үздіксіз жұмыс атқарып келеді....

Сарапшылар Түркістанның туристік әлеуетін жоғары бағалады

Түркістанның туристік әлеуеті өте жоғары. Мүмкіндіктері де мол. Бүгін Түркістан облысында туризм саласының дамуы және перспективалары талқыланған жиында туризм бизнесінің өкілдері осылай деді. Оларды...

Түркістан: Ауыл шаруашылығында рекордтық көрсеткіштегі өнім жиналды

Түркістан облысының ауыл шаруашылығы саласының еңбекшілері 2021 жылды толайым жетістіктермен түйіндеп жатыр.

Түркістан облысының ауыл шаруашылығы саласының еңбекшілері 2021 жылды толайым жетістіктермен түйіндеп жатыр. Егістікті әртараптандырудың нәтижесінде ауыл шаруашылығында 3,3 млн. тонна өнім жиналып, рекордтық көрсеткішке қол жетті. Бүгін Түркістандағы «Конгресс Холл» ғимаратында табысты жыл қортындыланып, «Altyn kúz-2021» мерекелік іс-шарасы өтті. Алдымен Түркістан өңірінің ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерінің көрмесі ұйымдастырылды. Жұртшылыққа осы саладағы жетістіктер мен өнімдер, ғылыми ізденістер көрсетілді. Одан кейін салтанатты жиын өтіп, Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев барша диқандар мен малшыларды, агросала өкілдерін ҚР Ауыл шаруашылығы қызметкерлері күнімен құттықтады.
– Ауыл шаруашылығында еңбек ететін азаматтарды, жалпы жұртшылықты мерекемен құттықтаймын. Тәуелсіздікің арқасында мемлекетімізде сан саланы дамытуға мүмкіндік туды. Күні кеше «Nur Otan» партиясы саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Елдіктің жеті тұғыры» атты қағидаттар жиынтығын ұсынды. Оның біріншісі – Тәуелсіздік. Тәуелсіздік – біздің басты байлығымыз және ең ұлы құндылығымыз. Биыл Тәуелсіздіктің 30 жылдығын қарсы алып отырмыз. Осы отыз жылда өңірімізде барлық көрсеткіштер еселеп өсті. Оның бірқатарына тоқталсам, «Тәуелсіздік» көпірі, «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» магистралы, «Көксарай» су реттегіші елдің күрделі мәселелерін шешті. Бұрын көрші елдің шекарасынан өтуге мәжбүр болған жерлестеріміз «Тәуелсіздік» көпірі арқылы кедергісіз жол жүруге мүмкіндік алды. «Бейнеу-Бозой-Шымкент» газ құбыры арқылы жүздеген елді мекен газбен қамтылды. Импорттық газға тәуелділік азайып, өңірдің 60 пайызға жуығы газбен қамтылып отыр. Түркістан қаласы 100 пайыз газдандырылды.
Елбасы Түркістанды Тәуелсіздіктің басты жеңістерінің бірі ретінде атап өтті. Шаһар 3 жылда өзгерді. Бұның бәрі – халықтың көз алдында жүзеге асқан, көзге көрінетін жобалар. Осы жетістікке Сіздер де үлес қосып жатырсыздар. Бірнеше жыл бұрын елімізге келген АҚШ өкілдері Қазақстанда мал шаруашылығын дамытуға мүмкіндік өте зор екенін айтқан болатын. Шын мәнінде біз осы мүмкіндікті толық пайдалануымыз керек. Өңірде мал шаруашылығы жақсы дамып келеді. Мал тұқымын асылдандыру ісі жанданды. Ет экспорты бойынша Түркістан облысы бірінші орынға шықты. Сонымен бірге суармалы жерді игеріп, көкөніс, бақша өнімдерін өсіруде де Түркістан облысының әлеуеті өте жоғары. Ауа-райы қолайлы. Біз ауыл шаруашылығын дамыту бойынша агросала өкілдеріне, аудан әкімдеріне семинарлар өткізіп, түсіндіріп жатырмыз.
Іріленген әрі біріккен шаруа қожалықтары жаңбырлатып суғару технологиясын пайдаланып, мол жетістікке жетуде. Ал бірікпеген, орташа шаруа қожалықтары үшін бір жерден жылына 2-3 өнім алу жобасы тиімді. Үй іргесіндегі жерін пайдаланушы ағайын тамшылатып суғару әдісін пайдалануда. Осы бағытта жұмыстар тоқтамауы керек. Өңіріміз агросала бойынша елімізде алдыңғы қатарда келеді. Бірақ өнімділікті тағы 2-3 есе өсіруге мүмкіндік бар. Ауыл шаруашылығы үшін жыл табысты аяқталды, – деген өңір басшысы Қазақстан мен Өзбекстан Президенттері арасындағы келісімге сәйкес биыл «Достық» каналына мол деңгейде су келгенін, осы арқылы мақташылар жоғары түсімге қол жеткізгенін де атап өтті. Облыста каналдар жөнделіп, жаңа су қоймалары салынып жатқанын айтып, Түркістанның жан-жағына су жеткізіліп, қала жасыл шаһарға айналатынына сенімді екенін жеткізді.
Нағыз еңбек адамдарының мәртебесі асқақтаған жиында өңір басшысы бір топ азаматты ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Еңбек ардагері» медалімен және «Ауыл шаруашылығы үздігі» төс белгісімен марапаттады. Түрлі салада үздік атанған аудан, қала әкімдеріне де құрмет көрсетілді. Сонымен бірге салтанатты жиында «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бейсенбай Тәжібаев озат агроқұрылым өкілдерін марапаттаса, бір топ БАҚ өкіліне Ауыл шаруашылығы басқармасының алғысхаттары тапсырылды. Кеш облыстың елге танымал өнерпаздарының концерттік бағдарламасымен өрнектелді.

Соңғы жаңалықтар

Түркістан: Кентауда 109 байланыс орталығының жұмысы жандана түсті

Түркістан облысы, Кентау қаласының әкімі Дәурен Махажановтың тапсырмасымен қалада тұрғындардың арыз-шағымын, ұсыныс-өтініш дер кезінде қабылдау мақсатында 109 байланыс орталығы құрылып, үздіксіз жұмыс атқарып келеді....

Тұрғындардың өтініші – басты назарда

Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидасы бойынша Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов тұрғындарды кезекті рет онлайн қабылдады. Қабылдауға қатысқан тұрғындар қоғамдық көліктердің...

Түркістан мен Вильнюс қаласы арасында әуе рейсін ашу ұсынылды

Бүгін Түркістанға еліміздегі Литва Республикасының Бас косулы Гвидас Керушаускас жұмыс сапарымен келді. Балтық жағалауынан келген елшімен Түркістан облысының әкімі Рашид Аюпов кездесу өткізіп екіжақты...

Шымкентте бейнебақылаудың көмегімен 300-ге жуық қылмыс ашылған

Бүгін, 2021 жылдың 3-желтоқсанында республикалық және жергілікті БАҚ өкілдеріне баспасөз-брифингін өткіздім. Баспасөз мәслихатында Шымкент қаласы аумағында қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін бақылайтын 1500 бейнебақылау...

Сарапшылар Түркістанның туристік әлеуетін жоғары бағалады

Түркістанның туристік әлеуеті өте жоғары. Мүмкіндіктері де мол. Бүгін Түркістан облысында туризм саласының дамуы және перспективалары талқыланған жиында туризм бизнесінің өкілдері осылай деді. Оларды...

Тоқаев халықаралық инвестициялық компания өкілдерімен кездесті

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ақорда резиденциясында ірі халықаралық инвестициялық компаниялардың өкілдерімен кездесті, - деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. Жиында Мемлекет басшысы шетелдік инвестициялар Қазақстан дамуының...

Жоғарғы Соттың бұрынғы судьясы 5 жылға бас бостандығынан айырылды

Нұр-Сұлтанда Жоғарғы Соттың бұрынғы судьясы Жанғұттинов бес жылға бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz  сайтына сілтеме жасап. Сот Жанғұттинов жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын...

Асхат Аймағамбетов мұғалімдердің орташа жалақысын атады

ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мұғалімдердің орташа жалақысын атады, деп хабарлайды ADYM.KZ Inform.kz сайтына сілтеме жасап. «Отандық білім беруді дамытудың маңызды кезеңдерінің бірі...

Түркістан: Этносаралық қатынастарды тиімді қамтамасыз ету мәселесі талқыланды

Түркістан қаласында «Этносаралық қақтығыстардың алдын алу жолында оның механизмі мен алгоритмін қалыптастыру» тақырыбында семинар өтті. Аталған семинар облыс аумағында түрлі саладағы құқықтық қатынастарда этносаралық қақтығыс...