#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Түркістан: Діни конфессия басшылары кездесті

Бүгін Түркістанда 18 қазан – Рухани келісім күніне орай, өңірдегі діни конфессия басшыларының қатысуымен арнайы іс-шара ұйымдастырылды. Жиынды Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов...

Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен ЖЕЭК отырысы өтеді

Беларусь Республикасының бастамасы бойынша 14 қазанда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен бейнебайланыс режимінде Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы өтеді. Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз...

Түркістандағы Ясауи музейі құнды жәдігерлермен толығып жатыр

Түркістанда Қожа Ахмет Ясауи музейі пайдалануға берілгені белгілі. Заман талабына сай салынған сәулетті орталықта Қожа Ахмет Ясауидің тарихи болмысын, өмірі мен ілімін жаһанға өз...

Түркістан облысында «Көшпенділер ойыны» өтті

Түркістан облысында 200-ден астам жас ашық аспан астында өткен дәстүрлі ойындар сайысында бас қосты. Төлеби ауданында өткен сайысқа 14 және 29 жас аралығындағы жастар...

Халықаралық және Қазақстандық онкологтар мен радиологтар Түркістанда бас қосты

Түркістан қаласында Қазақстан онкологтары мен радиологтарының VIII съезі басталды. Ашылу салтанатына онлайн режимде Қазақстан Республикасының премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов, Қазақстанның денсаулық сақтау министрі Алексей...

Қазақстандағы орташа зейнетақы мөлшері аталды

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 1 қазандағы жағдай бойынша Қазақстандағы зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшерін атады, - деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. 2021...

Оралда тұрғын үй өртенді

Оралда 6 пәтерлік тұрғын үй өртеніп кетті, деп хабарлайды ADYM.KZ Egemen.kz басылымына сілтеме жасап. БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға 17 қазан күні...

Түркістан облысында мақтаның тоннасы 250 мың теңгеден қабылдануда

Түркістан облысының Мақтаарал, Жетісай аудандарында алғаш болып мақта терімі басталды.

Түркістан облысының Мақтаарал, Жетісай аудандарында алғаш болып мақта терімі басталды. Шитті мақтаның бір тоннасы 250 мың теңгеден қабылдануда. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 100 мың теңгеге қымбат. Өңірде 18 мақта өңдеу зауыттарының 206 мақта қабылдау бекеттері жұмыс істейді. Биылғы жылы 110 мың гектар алқапқа мақта дақылы егілген. Жоспар бойынша 250 мың тонна шитті мақта жиналуы керек. Мақтаарал, Жетісай аудандарына жасаған жұмыс сапарында ауыл шаруашылығы саласындағы атқарылып жатқан жұмыстармен танысқан Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев шаруалармен кездесті. Жаңартылған техникамен танысып, диқандарға көмектесті. Жастық шағын еске түсіріп, мақта терді.
Биылғы қуаңшылыққа қарамастан мақталы аудандардың шаруалары ағын суды артығымен алды. Тыңайтқыш пен тұқымдық шиттен таршылық көрмей, жеңілдетілген бағадағы жанар-жағармай да жеткілікті болды, дейді.
«Осының барлығы Елбасының қолдауымен, Мемлекет басшысының тапсырмасымен жүзеге асырылып жатқанын біліп отырмыз. Көрші Өзбекстан елімен келісімге келіп, ағын суды арттырғанын көрдік. Соның арқасында ағын судан таршылық көрмедік. Мемлекет қолдауымен селитра мен дизель де жеткілікті болды.
Осындай халыққа қызмет етіп жатқан ел ағаларының жұмыстары жүре берсін. Елдің рахметін алып жатыр, халық ризамыз. Диқандардың барлығы қуанышты, табыстары жақсы, бұдан жігірленіп, келер жылы жұмыс істейміз деп ойлаймыз»,-деді шаруа қожалығының иесі Мұрат Құрбанов.
Шаруалар әр гектардан орта есеппен 30 центнерден өніп алып, 500 мың теңгеге дейін пайда табады. Егіс алқабында облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрбек Бадырақов өңірдің саладағы жетістіктерімен бөлісті.
«Осындай өнім алып, тауар өндірушілердің әлеуметтік экономикалық жағдайын арттыруға бұл Мемлекет басшыларының екіжақты ынтымақтастық туралы келісімінің арқасында. Өйткені, бұл екі аудан да трансшекаралық Достық каналы арқылы су ішеді. Бұл Өзбекстан Республикасы арқылы келеді. Жақсы жұмыстар нәтижесінде биылғы қуаншылыққа қарамастан Мақтаарал мен Жетісай аудандары тиісті деңгейде ағын сумен қамтамасыз етіліп отыр»,- деді ол.
Сонымен бірге, облыс әкімі ағын суды арттыру мақсатында қолға алынған су арналарын механикалық тазалау жұмыстарын танысты. Облыстық бюджет есебінен Жетісай ауданындағы барлық 241 шақырымды құрайтын 121 қашыртқыға механикалық тазалау жұмыстары жүргізілуде. Бұл өз кезегінде суармалы жерлердің ағын сумен қамтамасыз етілуін жақсартып, жер асты суын төмендетіп, егістіктің тұздануының алдын алып, мақта дақылының өнімділігін арттырады.
Сонымен қатар, шаруаларды сапалы тыңайтқыштар, тұқыммен қамтамасыз етіп, өнімділікті арттыру мақсатында Өзбекстан Республикасының «RASAYANA» ЖШС-гімен жұмыстар жүргізілуде. Бұл компания ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне өнімділігі жоғары «AMINOSID» тыңайтқыштары мен мақтаның «Сұлтан» элиталық тұқымдарын жеткізумен айналысады. Бұл тәжірибе мақтаның түсімділігін 40 — 60 центнерге жеткізуге болатындығын көрсетіп отыр.
Осыған орай, ағымдағы жылдың 15 қыркүйегінде Мақтаарал, Жетісай аудандарында агроқұрылымдардың қатысуымен жоғарыда аталған тыңайтқыштар мен және мақта тұқымының тиімділігі жөнінде семинар өткізіліп, мақта өнімділігін арттырудың нақты шаралары қабылданды.
Түркістан облысында күзгі жиын – терім науқаны жүріп жатыр. Қазіргі таңда, 1,1 млн. тонна көкөніс, 1,7 млн. тонна бақша, 290 мың тонна картоп және 61 мың тонна жеміс-жидек жиналды. Жыл соңына дейін 3,5 млн. тонна көкөніс, бақша, картоп өнімдері жиналады. Биыл ауыл шаруашылығы дақылдары 842,4 мың гектарға егілді.

Соңғы жаңалықтар

«Айдың нұры» қоры түркістандық қос студентке шәкіртақы тағайындады

«Айдың Нұры» қорының президенті Мөлдір Әшімханқызы өңір студенттерімен кездесу кешін өткізді. Жылағанның басынан сипап, мұқтаждың қажетіне жарап жүрген қайырымдылық қор басшысы жиынға арнайы Нұр-Сұлтан...

Маңғыстауда өндірістік аймақтағы өрт толығымен сөндірілді

Ақтау қаласының №3-ші өндірістік аймақ «Мастер Дом» гипермаркеті артындағы ашық алаңда шыққан өрт таңғы сағат 05.05-те толығымен сөндірілді, деп хабарлайды ADYM.KZ  Egemen.kz басылымына сілтеме...

Оралда тұрғын үй өртенді

Оралда 6 пәтерлік тұрғын үй өртеніп кетті, деп хабарлайды ADYM.KZ Egemen.kz басылымына сілтеме жасап. БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға 17 қазан күні...

Түркістан көшелерінде 5G-ге тегін қосылу аймағы ашылды

Елдегі ірі байланыс операторы «Қазақтелеком» Түркістанда 5G базалық станциясын іске қосты. Нәтижесінде қаланың Бекзат Саттарханов даңғылында бесінші буын ұялы байланыс желісінің 5G-хот спот-аймағын құруға...

Президенттің арнайы өкілі Ауғанстанға жұмыс сапарымен келді

Қазақстан Республикасы Президентінің Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі арнаулы өкілі Ержан Қазыхан бастаған қазақстандық делегация Кабул қаласына жұмыс сапарымен келді, деп хабарлайды ADYM.KZ Egemen.kz басылымына сілтеме...

Түркістан: Діни конфессия басшылары кездесті

Бүгін Түркістанда 18 қазан – Рухани келісім күніне орай, өңірдегі діни конфессия басшыларының қатысуымен арнайы іс-шара ұйымдастырылды. Жиынды Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов...

«Түркістан — көшбасшылар алаңы» республикалық пікірсайыс турнирі басталды

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл толуына орай, Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ ұйымдастыруымен «Түркістан – көшбасшылар алаңы» атты Түркістан облысы...

Түркістан облысында «Көшпенділер ойыны» өтті

Түркістан облысында 200-ден астам жас ашық аспан астында өткен дәстүрлі ойындар сайысында бас қосты. Төлеби ауданында өткен сайысқа 14 және 29 жас аралығындағы жастар...

Алматыда мас жүргізуші полиция қызметкерін қағып кетті

Алматыда мас жүргізуші полиция қызметкерін қағып кетті, - деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz  сайтына сілтеме жасап. Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, түнде "Буран-227" патрульдік экипажы Қабанбай...