#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Түркістан: Президент жолдауына облыс ардагерлері қолдау білдірді

Биыл 1 қыркүйек күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты кезекті Жолдауын...

“Жол-жөнекейдің” кіндік әкесі кім?..

Идея авторы өзім. ”Жол-жөнекей” авторлық жобасын түсіруді былтыр бастадық. Көрген кісілер жақсы екен десті. Тілеулестік танытты. Алайда, қолдай қойған ешкім болмады. Сөйтіп, жүргенде белгілі журналист”...

Түркістан: Отырар ауданындағы ағын су арналары жаңаруда

Түркістан облысы, Отырар ауданының Ақтөбе ауылдық округі аумағындағы Р-1 каналы күрделі жөндеуден өткізілуде. Өткен жылы қолға алынған құрылыс жұмыстары Түркістан облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының...

Түркістан облысында 2 003 479 адам тұрады

Жалпыұлттық халық санағының бірінші кезеңінде Түркістан облысында тұратын халықтың саны 2 003 479 адамды құраған. Халық санағы екі кезеңмен жүргізіледі. Бірінші – дайындық кезеңі...

Түркістанның орман шаруашылығын дамытуға Өзбекстан ғалымдары атсалысады

Түркістан облысының әкімдігі мен Өзбекстан Республикасы арасында орман шаруашылығын дамыту, бірлесе өркендету бойынша өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. Орман шаруашылығы саласындағы өңірдің жетістіктерімен...

Түркістан: Келестегі ауыл жолдары 97 пайызға жаңарады

Түркістан облысы, Келес ауданында «Ауыл - ел бесігі» бағдарламасы бойынша ауыл жолдары жөнделіп жатыр. Атап айтқанда, Ошақты елді мекенінің жолдары жыл соңына дейін 97...

Түркістан облысында 170 мың адам санаққа онлайн қатысты

Бүгінгі жағдай бойынша Түркістан облысында 2021 жылғы Ұлттық халық санағынан онлайн режимінде 167 948 респондент өтті. 14 күннің қорытындысы бойынша Сайрам ауданы алда тұр....

Кадрлық әлеуетті тиімді пайдалану міндеті жүктелді

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің төрағалығымен өткен жиында қалалық білім басқармасының бірінші жартыжылдықта атқарған жұмыстарының есебі тыңдалып, жаңа оқу жылына дайындық мәселесі пысықталды.

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің төрағалығымен өткен жиында қалалық білім басқармасының бірінші жартыжылдықта атқарған жұмыстарының есебі тыңдалып, жаңа оқу жылына дайындық мәселесі пысықталды.
Қаланың алдағы бес жылға арналған даму жоспарында адами капиталды дамыту басымдығы айқындалған. Оның аясында білім саласын ілгерілетудің 5 негізгі бағыты белгіленген.
Педагог кадрлардың әлеуетін дамыту шеңберінде мектепке дейінгі ұйымдардан 190 педагог қайта даярлау курстарынан өткізісе, мектептердегі 2657 педагог кадрлар Ұлттық біліктілік тестілеуіне қатысқан. Педагог қызметкерлер бекітілген жоспар бойынша біліктілікті арттыру курстарымен қамтылуда.
Республикалық «Үздік педагог» байқауына 21 педегог ұсынылса, «Күнделік kz» жобасы бойынша Шымкент қаласы екі мәрте «Алтын түйме» иегері атанды. Кадрлық резервтен білім беру мекемелерінің басшылығына 28 үміткер тестілеуден өткізіліп, шекті бал жинаған. Олардың ішінен 6 үміткер мектеп директоры лауазымдарына қабылданған.
Қалада 30 колледж қызмет атқарып, техникалық және кәсіптік білім беруді іске асырады. Оның ішінде 11 колледжде инклюзивті білім беруге жағдай жасалған. Колледж студенттеріне өндіріспен ұштастырылған дуальды оқыту әдісінің қолданылу мүмкіндігін арттыруда 96 әлеуметтік серіктестіктермен келісім жасалып, осы жүйемен білім алған студенттің білім алған мерзімі еңбек өтілі ретінде есептеледі.
«Жас маман» жобасы аясында былтыр екі колледж қайта жабдықтаудан өткізілсе, биыл мұндай жұмыстар тағы бес колледжде атқарылмақ.
Қала әкімі білім саласының көрсеткіштерін талдап, қалада педагог кадрлардың біліктілігін көтеруге барлық мүмкіндіктер қарастырылу керектігін назарға алды. Бүгіннің өзінде кейбір оқу пәндері бойынша білікті ұстаздардың жетіспеушілігі орын алып жатқандығына тоқталып, қажетті кадрларды даярлауда жоғары оқу орындарымен тығыз байланыста жұмыс жүргізуді тапсырды. Білім беру ұйымдарының кадрлық құрамдарын, мұғалімдердің жұмыс жүктелімдерін талдаудан өткізіп, кадр жетіспеушілігі орын алып отырған мектептердің мәселесі бірінші қыркүйекке дейінгі мерзімде оңтайлы шешілуі тиіс деген талап қойды.
Техникалық және кәсіптік оқу орындарының ахуалына тоқталған қала басшысы, құрылыс жұмыстарының көлемі соңғы 3 жылда үш есе артқанын, алдағы жылдары бұл көрсеткіштің әлі де еселене түсетінін атап өтті. Құрылысқа қажетті мамандар тапшылығы айқын сезіліп отырғандығын айта отырып, колледждер базасында құрылысшы мамандықтарына оқытатын қысқамерзімді курстар ұйымдастыру мүмкіндіктерін қарастыруды тапсырды. Бұл бағытта салалық басқармаларға құрылыс жұмыстарына тартылған мердігер ұйымдардан қажетті мамандықтар тізбесін жасақтау міндеттері тапсырылды.
Қала басшысының айтуынша, жиын барысында жүктелген талаптар кадрлық әлеуетімізді тиімді пайдалануға мүмкіндік беріп, жұмыссыздық мәселесін оңтайлы шешуге ықпалын тигізеді.

Соңғы жаңалықтар

Антикор ШҚО көлік инспекциясындағы пара алу схемасын әшкереледі

Шығыс Қазақстан облысында жүк көлігінің жүргізушілерінен пара алған Көліктік бақылау инспекциясы қызметкерлерінің қылмыстық тобы әшкереленді. Күнделікті пара сомасы 150-ден 500 мың теңгеге дейін болды,...

Түркістан облысында мақтаның тоннасы 250 мың теңгеден қабылдануда

Түркістан облысының Мақтаарал, Жетісай аудандарында алғаш болып мақта терімі басталды. Шитті мақтаның бір тоннасы 250 мың теңгеден қабылдануда. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 100 мың...

Өмірзақ Шөкеев: «Мақтааралдың» мақсаты биік

Өмірзақ Шөкеев «Мақтаарал» футбол командасының бапкерлері мен ойыншыларымен жүздесті. «Мақсаты биік «Мақтаарал» футбол клубының Премьер-лигаға шығуға бар мүмкіндігі бар»,— деген облыс басшысы теңбіл доп...

АШМ кәсіпорнының басшылығы пара алды деген күдікке ілінді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің "Фитосанитария" ШЖҚ РМК басшыларының біріне қатысты істі тергеп жатыр, - деп хабарлайды...

Қазақстанда мұнай өнімдерін экспорттауға тыйым салынды

Қазақстанда мұнай өнімдерін экспорттауға тыйым салуды жарты жылға ұзарту жоспарланып отыр. Бұйрық жобасын Сауда және интеграция, Ұлттық экономика, сондай-ақ Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрліктері...

Бұрынғы премьер-министр Серік Ахметов жазасын өтеп шықты

Қазақстанның бұрынғы премьер-министрі Серік Ахметов жазасын өтеуге байланысты пробациялық есептен шығарылды. Бұл туралы ІІМ Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметі мәлім етті, - деп...

«Тұран» бір саты жоғарылады

Футболдан Қазақстан чемпионатының 21-тур ойындары өтті. "Түркістан-аренада" кезекті футбол бәсекесі ұйымдастырылды. Бұл кездесудің мәні бөлек. Себебі Түркістанның "Тұраны" өз алаңында Шымкенттің "Ордабасы" клубын қабылдады....

Түркістан облысында «Бұл – біздің таулар» фестивалі өтті

Түркістан Оқушылар сарайы мен «Turkistan Tourism Center» орталығы бірлесе «Бұл – біздің таулар» фестивалін ұйымдастырды. Шараның мақсаты – оқушыларға аймақтағы таулы өлкелерді таныстыру, табиғат...

Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында 12 алтын медаль жеңіп алды

Шымкентте нысана көздеуден 14-ші Азия чемпионаты аяқталды. Құрлықтық чемпионат қорытындысы бойынша Қазақстан командасы 12 алтын жүлдеге ие болды. Отандық спортшылар 12 алтын, 12 күміс...