#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Түркістан: егістік жерлер ағын сумен қамтамасыз етілді

Түркістан облысы Жетісай ауданында егістік алқапты қажетті ағын сумен қамту өзекті мәселенің бірі.

Түркістан облысы Жетісай ауданында егістік алқапты қажетті ағын сумен қамту өзекті мәселенің бірі. Аудандағы ағын су тапшылығын жойып, суармалы жерлердің тиімділігін арттыру және үнемдеу бағытында көптеген жұмыстар жасалуда. Олардың барысымен танысқан Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев 100 мың гектарға жуық егістік жерге су жеткізетін машиналық әдіспен су көтеру каналында болды. Мемлекеттік маңызы бар нысан осыдан 10 жыл бұрын ашылған. 12 сорғымен жабдықталған.
Ұзындығы 16 шақырымға жететін каналдың негізгі мақсаты — Шардара су қоймасынан су беру науқанында су тапшылығын болдырмау және қалыпты ағын су жеткізу. Маусымына 45 млн.м3. су беріледі. Су шаруашылығы нысанының техникалық жай-күйін қалыпты жағдайда ұстау мақсатында бірқатар іс-шаралар атқарылған. Насос стансасындағы су сорғы агрегаттары жөндеуден өткізіліп, каналдар механикалық тазалаудан өткен.
Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев Жетісай ауданы Қарақай ауылдық округінде орналасқан «Кетебай» өндірістік кооперативіне қарасты жаңа сорттағы шитті мақта алқабын аралап көрді. Осыдан 25 жыл бұрын құрылған кооперативтің иелігінде 400 гектар егістік алқабы бар. Бүгінде мұнда 130 күнде пісетін түркиялық және қытайлық мақта сұрыптары өсіріледі. Мақта ұрығының бұр сұрпын еккен диқандар гектарына 30-35 центнерден өнім жинауда.
Сапар барысында облыс басшысы Қарақай ауылдық округіне қарасты Сәтбаев елді мекенінде орналасқан сүт өнімдерін өңдейтін цехта болды. Аталмыш цех тәулігіне 30 тоннаға дейін сүт өңдей алады. Мұнда ірімшік, қаймақ, айран сияқты 20 түрлі өнім өндірілуде. Кәсіпорын ішкі нарықты толықтай қамтып отыр.

Соңғы жаңалықтар