#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Кадрлық әлеуетті тиімді пайдалану міндеті жүктелді

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің төрағалығымен өткен жиында қалалық білім басқармасының бірінші жартыжылдықта атқарған жұмыстарының есебі тыңдалып, жаңа оқу жылына дайындық мәселесі пысықталды. Қаланың алдағы...

ҚР Денсаулық сақтау министрі шымкенттегі №3 емхананың жұмысымен танысты

ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Шымкентке келген қызметтік сапары барысында №3 қалалық емхананың жұмысымен танысты. А.Цой алдымен емдеу мекемесіндегі екпе егу кабинетттерін тексеріп,...

Алматыда синтетикалық есірткі сатқан тұрғын ұсталды

Алматыда синтетикалық есірткі сатумен айналысқан 42 жастағы ер адам ұсталды, - деп хабарлайды ADYM.KZ  Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. Полиция мәліметінше, ер адам бірнеше ай бойы...

Түркістан облысының мұғалімдері оқушыларды лидерлікке тәрбиелеуді үйренуде

«Jas Leader Akademiiasy» бағдарламасы Түркістан қаласында бастау алды. Бағдарламаның мақсаты – қазақ мектептерінің 5-11 сынып оқушылары арасында көшбасшылық қабілеттерді қолдау және дамыту. Балаларға қарым-қатынас...

Шымкентке арнайы іс-сапармен ҚР денсаулық сақтау министрі келді

Шымкент қаласына арнайы жұмыс сапарымен ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой келді. Денсаулық сақтау министрі қаладағы халықаралық стандарттарға сай жедел медициналық жәрдем көрсету станциясының Call...

Қазақстанда өмір бойы білім алу тұжырымдамасы бекітілді

Қазақстан Үкіметі 2021 жылғы 8 шілдедегі қаулысымен өмір бойы оқыту (үздіксіз білім беру) тұжырымдамасын бекітті, деп хабарлайды ADYM.KZ Egemen.kz басылымына сілтеме жасап. Аталған тұжырымдама өмір бойы...

Түркістанда жасыл желектерді күтіп-баптау жұмыстары тәулік бойы жүргізілуде

400 гектар жерге жайғасқан Түркістан қаласындағы саябақтар мен гүлзарларды күтіп ұстау және қала аумағындағы көгалдандыру жұмыстарының жағдайы облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен өткен апталық...

Білім беру гранттарының конкурсына қатысу үшін 40 мыңға жуық өтініш берілді

Білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін 40 мыңға жуық өтініш берілді.

Білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін 40 мыңға жуық өтініш берілді. Құжаттарды қабылдау 16 шілдеде басталып, 25 шілдеге дейін жалғасады. Құжаттарды рәсімдеу Egov электрондық үкімет порталы арқылы онлайн жүзеге асырылады, деп хабарлайды ADYM.KZ Egemen.kz басылымына сілтеме жасап.

Мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін талапкерлерге мына құжаттар қажет:

жеке куәлік; 3х4 көлеміндегі электрондық цифрлық фото;

орта білім туралы аттестаттың көшірмесі; техникалық және кәсіптік білім беру (ТжКБ) ұйымдарының түлектері үшін дипломның көшірмесі;

ТжКБ ұйымдарының түлектері үшін жұмыс өтілін растайтын құжаттар; жеңілдетілген санат бойынша конкурсқа қатысу үшін растайтын құжаттар, атап айтқанда: I, II топтағы мүгедектер, бала кезінен мүгедектер, мүгедек балалар қатарындағы азаматтар;

жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы қатысушыларына теңестірілген адамдар;

ауылдардың әлеуметтік-экономикалық дамуын айқындайтын мамандықтар бойынша ауыл жастары арасынан шыққан азаматтар;

Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдар;

жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, сондай-ақ кәмелетке толғанға дейін ата-анасынан айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жастар қатарындағы азаматтар;

«Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» жобасына қатысып жатқан ауыл жастары («Серпін»);

4 және одан да көп кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған отбасылардан шыққан балалар;

мәртебесі кемінде үш жыл толық емес отбасылар қатарындағы балалар;

бала кезінен мүгедек балаларды, бірінші және екінші топтағы мүгедектерді тәрбиелеп отырған отбасылардан шыққан балалар.

Егер талапкер «Алтын белгі» иегері болса немесе отансүйгіштік және белсенді азаматтық ұстанымы үшін ерекшелік белгісімен марапатталса, онда ол басқа талапкерлермен балдары тең болған жағдайда басым құқыққа ие болады.

Олимпиадалар мен спорттық жарыстардың жеңімпаздары да басым құқыққа ие. Өтініш берушінің мұндай жетістіктері ескерілуі үшін растайтын құжаттардың көшірмелерін де жүктеу қажет.

Шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификат болған кезде өтініш беруші халықаралық тіл сертификатының атауын, балын көрсетеді және электрондық сертификатты тіркейді.

Естеріңізге сала кетейік, конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру кезінде медициналық анықтама талап етілмейді. Медициналық анықтаманы тамыз айында университетке қабылдау кезінде тапсыру қажет.

Соңғы жаңалықтар

Түркістан: Жастар ресурстық орталығының басшысы тағайындалды

Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің басшысы лауазымына Төлебаев Ерасыл Әшірбайұлы тағайындалды. Ерасыл Әшірбайұлы 1992 жылы 11 қыркүйекте ШҚО, Тарбағатай ауданы, Ақсуат...

Түркістанда ерекше стелла салынды

Түркістан қаласына кіреберісте «Түркістан» жазуы бар ерекше стелла салынып жатыр. Биіктігі 11 метрге жететін, жалпы алаңы 28 метрге созылған стеллаға 70 жарықшам орнатылады. Жаңа...

Тозығы жеткен тұрғын үйлерді жаңарту бағдарламасы бекітілді

Шымкент қаласында тозығы жеткен тұрғын үйлерді түбегейлі жаңарту бойынша ірі құрылыс компанияларымен келіссөздер жүргізілуде. Жөндеу жоспарына кіретін көптеген үйлер қала орталықтарында орналасқандықтан инвесторлар бұл...

Өзбекстан Түркістанға сый ретінде 5 мың орындық зәулім мешіт салуда

Түркістан қаласына кіреберісте әлемдегі озық тәжірибелерді ұштастырған еңселі мешіт бой көтерді. Жобаға Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев қолдау көрсетуде. Көрші Өзбекстан мемлекетінің Түркістанға тартуы...

Парламент сенатының депутаттары Түркістан облысының тұрғындарымен кездесті

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Әли Бектаев және Әлімжан Құртаев Түркістан облысының Құрметті азаматтары, халық қалаулылары және депутаттарымен басқосу өткізді. Кездесуге Түркістан облыстық мәслихатының...

Үкіметте бизнесті қолдау жөніндегі дағдарысқа қарсы шараларды іске асыру барысы қаралды

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында бизнесті қолдау жөніндегі дағдарысқа қарсы шараларды іске асыру барысы қаралды. Атқарылған жұмыстар туралы ұлттық экономика министрі...

Түркістан облысы «сары» аймаққа өтті

Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы бойынша бүгін Түркістан облысы «сары» аймаққа өтті Мұнда соңғы тәулікте коронавирус инфекциясының 122 жағдайы тіркелді. Тәуліктік өсім 1.22...

Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы тағайындалды

Шымкент қаласы әкімінің өкімімен қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы болып Балмаржан Полатқызы Нарбекова тағайындалды. Балмаржан Полатқызы 1988 жылы дүние келген. М.Әуезов атындағы...

Тұрғын үй сертификаты бойынша келіп түскен өтінімнің нәтижесі егов порталы арқылы жолданады

Шымкент қаласы бойынша қазіргі таңда тұрғын үй сертификатына жалпы саны 319 өтінім келіп түсті. Азаматтар тарапынан жіберілген өтінімдер қарауға алынған соң, 3 жұмыс күні...