#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Түркістан: Созақта «Street Workout» және балалар ойын алаңы ашылды

Түркістан облысы, Созақ ауданы, Жартытөбе ауыл округі мен Аққолтық елді мекенінде «Street Workout» және балалар ойын алаңы пайдалануға берілді. Созақ аудан әкімдігі және «Қазатомөнеркәсіп ҰАК»...

Қазақстан көрші Қырғыз еліне гуманитарлық көмек көрсетті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қырғыз елінің Президенті Садыр Жапаровпен келіссөздерінің нәтижесі бойынша берген тапсырмасына орай, Қазақстан Үкіметі көрші Қырғыз еліне гуманитарлық көмек көрсетті, деп...

Мобильді топ мүшелері 97 нысанды аралады

Түркістан қаласындағы індет таралуының алдын алу жұмыстары қарқынды жүзеге асырылуда. "Сары аймаққа" енген Түркістан облысында карантин талаптарының сақталуы қатаң қадағалануда. Атап айтқанда, қала әкімдігі...

Тозығы жеткен тұрғын үйлерді жаңарту бағдарламасы бекітілді

Шымкент қаласында тозығы жеткен тұрғын үйлерді түбегейлі жаңарту бойынша ірі құрылыс компанияларымен келіссөздер жүргізілуде. Жөндеу жоспарына кіретін көптеген үйлер қала орталықтарында орналасқандықтан инвесторлар бұл...

Тұрғын үй сертификаты бойынша келіп түскен өтінімнің нәтижесі егов порталы арқылы жолданады

Шымкент қаласы бойынша қазіргі таңда тұрғын үй сертификатына жалпы саны 319 өтінім келіп түсті. Азаматтар тарапынан жіберілген өтінімдер қарауға алынған соң, 3 жұмыс күні...

Түркістан облысында 5,5 млрд. теңгенің жобалары қаржыландырылды

«Оңтүстік» аймақтық инвестициялық орталығы Түркістан облысында жеңілдетілген несие беру арқылы кәсіпкерлерге қолдау көрсетіп келеді. «Оңтүстік» АИО еншілес «Ырыс» МҚҰ-мен бірлесе отырып, ағымдағы жылдың алты...

Түркістан облысында 5,5 млрд. теңгенің жобалары қаржыландырылды

«Оңтүстік» аймақтық инвестициялық орталығы Түркістан облысында жеңілдетілген несие беру арқылы кәсіпкерлерге қолдау көрсетіп келеді. «Оңтүстік» АИО еншілес «Ырыс» МҚҰ-мен бірлесе отырып, ағымдағы жылдың алты...

Қорғаныс министрі мерзімді әскери қызметтегі сарбаздармен кездесті

Қорғаныс ведомствосының басшысы Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барып, Семей мен Жаңғызтөбе әскерлерінің тыныс-тіршілігіне қатысты негізгі мәселелерді қарады.

Қорғаныс ведомствосының басшысы Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барып, Семей мен Жаңғызтөбе әскерлерінің тыныс-тіршілігіне қатысты негізгі мәселелерді қарады, деп хабарлайды ADYM.KZ Egemen.kz басылымына сілтеме жасап.

Семей гарнизонында генерал-лейтенант Нұрлан Ермекбаев механикаландырылған және артиллерия бригадаларының оқу-материалдық базасымен танысты.

Қорғаныс министріне жауынгерлік басқару сыныптарын, артиллерия атысын басқару және атыс тренажерларын, сонымен қатар бөлімдер аумағындағы жабдықталған атыс тирін көрсетті. Командирлердің баяндамасына сәйкес оларды қолдану жауынгерлік даярлық сабақтарының қарқыны мен сапасын арттыруға ықпал етеді. Жақында бөлім аумағында жабдықталған атыс қаруына арналған полигондағы ашық тирде сабақтар тексерілді.

Соңғы уақытта барлық өңірлік қолбасшылықтарда және қарулы күштер түрлерінде өнертапқыштық жұмыстар белсенді дамуда. Семей гарнизоны әскери қызметшілері жасаған көптеген әзірлемелерімен танысқан министр лауазымды тұлғалардың оқу-материалдық базаны жетілдіру жөніндегі бастамасын атап өтті. Нұрлан Ермекбаев барлық әскери бөлімдерде осындай жұмысты ұйымдастыру қажеттігін айтып, Қарулы Күштерде үздік өнертапқыштар конкурсын ұйымдастыруды тапсырды.

Сапар барысында оқ-дәрілерді сақтау қоймаларының диверсияға және өртке қарсы қауіпсіздігін қамтамасыз ету жағдайы тексерілді. Қорғаныс ведомствосының басшысы қоймалар мен сақтау базалары жанындағы тыйым салынған аудандардың шекараларын нақтылау жұмыстарын жеделдетуді тапсырды. Бұдан өзге, министр әскери нысандарға жақын орналасқан шаруашылық субъектілерімен жұмыс жүргізуге тиісті жергілікті атқарушы органдармен өзара тығыз іс-қимыл ұйымдастыруды ескертті.

Қарулы Күштерде азаматтық инфрақұрылым мен тұрғындар үшін әскери объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуде жүйелі жұмыс жүргізілуде. Қорғаныс министрлігінің бастамасымен 2020 жылы заңға қажетті өзгерістер әзірленіп, енгізілген. Тыйым салынған аймақтар мен аудандарды нақтылауды есептеу әдістемесі қабылданды.

Қазіргі кезде жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп тыйым салынған аймақтарды апатты жағдайдан және заңсыз құрылыстардан босату жұмыстары жүргізілуде.

Осы орайда «Жол картасы» бағдарламасы әзірленіп, іске асырылуда. Оқ-дәрілердің жекелеген түрлері елді мекендерден алыс қоймаларға көшіріліп, сақтау объектілерін жабдықтау мен  жөндеу жүргізілуде.

Бұдан өзге, алғаш рет қорғаныс ведомствосы әскери техникаларға кешенді түгендеу жүргізіп, оның жағдайына баға берді. Пайдалану мерзімі өткен және пайдаланылмайтын әскери мүлік әрі қарай жою немесе кәдеге жарату үшін уәкілетті органның ведомстволық (Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің) ұйымдарына беріледі.

Механикаландырылған бригаданың жауынгерлік даярлық барысы дербес тексерілді. Қазіргі уақытта мамандық бойынша оқу жүргізілуде. Оның аясында барлық әскери қызметшілер өздеріне бекітілген техника мен қару-жарақты, атқаратын лауазымы бойынша міндеттерді орындау кезіндегі іс-қимыл тәртібін зерделейді. Министр сабақтардың сапасына және жауынгерлік оқу-жаттығу нәтижелерінің нақты бағалануына назар аударды.

Қорғаныс ведомствосының басшысы сондай-ақ, Шығыс-Қазақстан облысындағы жергілікті басқару органдарының әскерге шақыру науқанын ұйымдастыруымен танысты.

Әскери бөлімдерді аралау барысында Қорғаныс министрі 2021 жылдың көктемінде мерзімді әскери қызметке шақырылған әскери қызметшілерімен әңгімелесті. Жас жауынгерлер әскери қызметтен алған алғашқы әсерлерімен бөлісті. Әсіресе, жауынгерлік оқу-жаттығу, әскери өмірдің қағидалары, тамақтану сапасы, бос уақыт пен демалысты ұйымдастыру туралы айтты. Генерал-лейтенант Нұрлан Ермекбаев сарбаздарды қызықтырған сұрақтарға, оның ішінде келісімшарт бойынша әскери қызметті жалғастыру мен әскери оқу орындарына түсу мүмкіндіктері жөнінде анағұрлым көп көтерілген тақырыптарға жауап берді.

 

Соңғы жаңалықтар

Түркістан: Жастар ресурстық орталығының басшысы тағайындалды

Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің басшысы лауазымына Төлебаев Ерасыл Әшірбайұлы тағайындалды. Ерасыл Әшірбайұлы 1992 жылы 11 қыркүйекте ШҚО, Тарбағатай ауданы, Ақсуат...

Түркістанда ерекше стелла салынды

Түркістан қаласына кіреберісте «Түркістан» жазуы бар ерекше стелла салынып жатыр. Биіктігі 11 метрге жететін, жалпы алаңы 28 метрге созылған стеллаға 70 жарықшам орнатылады. Жаңа...

Тозығы жеткен тұрғын үйлерді жаңарту бағдарламасы бекітілді

Шымкент қаласында тозығы жеткен тұрғын үйлерді түбегейлі жаңарту бойынша ірі құрылыс компанияларымен келіссөздер жүргізілуде. Жөндеу жоспарына кіретін көптеген үйлер қала орталықтарында орналасқандықтан инвесторлар бұл...

Өзбекстан Түркістанға сый ретінде 5 мың орындық зәулім мешіт салуда

Түркістан қаласына кіреберісте әлемдегі озық тәжірибелерді ұштастырған еңселі мешіт бой көтерді. Жобаға Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев қолдау көрсетуде. Көрші Өзбекстан мемлекетінің Түркістанға тартуы...

Парламент сенатының депутаттары Түркістан облысының тұрғындарымен кездесті

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Әли Бектаев және Әлімжан Құртаев Түркістан облысының Құрметті азаматтары, халық қалаулылары және депутаттарымен басқосу өткізді. Кездесуге Түркістан облыстық мәслихатының...

Үкіметте бизнесті қолдау жөніндегі дағдарысқа қарсы шараларды іске асыру барысы қаралды

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында бизнесті қолдау жөніндегі дағдарысқа қарсы шараларды іске асыру барысы қаралды. Атқарылған жұмыстар туралы ұлттық экономика министрі...

Түркістан облысы «сары» аймаққа өтті

Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы бойынша бүгін Түркістан облысы «сары» аймаққа өтті Мұнда соңғы тәулікте коронавирус инфекциясының 122 жағдайы тіркелді. Тәуліктік өсім 1.22...

Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы тағайындалды

Шымкент қаласы әкімінің өкімімен қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы болып Балмаржан Полатқызы Нарбекова тағайындалды. Балмаржан Полатқызы 1988 жылы дүние келген. М.Әуезов атындағы...

Тұрғын үй сертификаты бойынша келіп түскен өтінімнің нәтижесі егов порталы арқылы жолданады

Шымкент қаласы бойынша қазіргі таңда тұрғын үй сертификатына жалпы саны 319 өтінім келіп түсті. Азаматтар тарапынан жіберілген өтінімдер қарауға алынған соң, 3 жұмыс күні...