#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Фронт-офистің жаңа жетекшісі тағайындалды

«Shymkent» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы акционерлік қоғамына қарасты Бизнеске арналған үкімет фронт-офисіне жаңа басшы тағайындалды.

«Shymkent» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы акционерлік қоғамына қарасты Бизнеске арналған үкімет фронт-офисіне жаңа басшы тағайындалды. Бұл лауазымға Өмірзақов Ғани Әріпұлы бекітілді. Ғани Өмірзақов еңбек жолын 2001 жылы «Амиантит Казпайл” ЖШС-нің сату бөлімінің менеджері болып бастаған.
“Ас-Ар Лтд и К” ЖШС директоры, “Олам Казахстан Лтд” ЖШС-нің логистика бойынша менеджері, “Шардара ауданының Кәсіпкерлеріне қызмет көрсету” орталығының директоры, “ОҚО Кәсіпкерлеріне қызмет көрсету орталығы” Сайрам ауданы филиалының директоры, “ОҚО Кәсіпкерлеріне қызмет көрсету” орталығы Бас директорының орынбасары, “Ontustik” Кәсіпкерлеріне қызмет көрсету” орталығының Бас директоры, “KAZAKH INVEST” ҰК” АҚ-ның аймақтық директорының орынбасары, “QOLDAY” Кәсіпкерлеріне қызмет көрсету орталығы Бас директорының орынбасары, 2019 жылдан бүгінгі күнге дейін “Ас-Ар Лтд и К” ЖШС-ның бақылау кеңесінің Төрағасы лауазымдарын атқарған.
Айта кетейік, Ғани Әріпұлы 1978 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында туған. Білімі жоғары, мамандығы – экономика-менеджмент.

Соңғы жаңалықтар