#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Шымкент: Тестілеу орталығының дайындығы пысықталды

Биылдан бастап ҰБТ тапсыру «Бір қатысушы – бір компьютер – бір камера» принципі бойынша әрбір тестіленуші үшін дербес компьютерді пайдалану арқылы электрондық форматқа көшті.

Биылдан бастап ҰБТ тапсыру «Бір қатысушы – бір компьютер – бір камера» принципі бойынша әрбір тестіленуші үшін дербес компьютерді пайдалану арқылы электрондық форматқа көшті. Бұл ретте, тестіленуші жылына 2 рет ақылы және 2 рет білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысуға мүмкіндік ала отырып, тегін ҰБТ тапсыра алады.
Үшінші мегаполисте ҰБТ тапсыру үшін арнайы 2 тестілеу орталығы ашылған. Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Shyńǵys Muqan аталған тестілеу орталықтарының жұмыс барысымен танысты.
Білім басқармасының басшысы Жанат Тәжиева Шымкент қаласында 2020-2021 оқу жылында 11-сыныпты 9 342 оқушы бітіргелі отырғанын баяндады.
– Бұған дейін ҰБТ қағаз түрінде, 2 рет ақылы және 1 рет грант алу мүмкіндігі негізінде 10 күн аралығында өтіп, ҰБТ өткізу пункттері әр өңірге арнайы белгіленген болатын. Енді төрт рет тапсыруына мүмкіндік бар ҰБТ арнайы жабдықталған 2 аймақтық «U-Study» тестілеу орталықтарында І-кезеңі 10 наурыз бен 10 сәуір аралығында (ЖОО ақылы негізде түсуге) өткізіліп, 6 973(74,6%) талапкер тест тапсырды. Ал, ІІ-кезеңі 25 сәуір мен 30 маусым аралығында (білім беру гранттарын тағайындау конкурсы арқылы 2 мүмкіндік) ҰБТ тапсыру орнын Қазақстанның кез-келген өңірінен таңдау мүмкіндігін пайдалана отырып, өз бетінше (тіркелу сайты — https://app.testcenter.kz/auth) ағымдағы жылдың 15 сәуірінен бастап 15173 талапкер (2 рет тапсырғанда 30 346) тіркеуден өтті. Оның ішінде: Шымкент қаласынан – 8 585 түлек ҰБТ тапсыруға өтініш білдірсе, Түркістан облысының Сайрам, Төлеби, Қазығұрт, Түлкібас, Бәйдібек аудандарынан 6 588 талапкер тіркеуден өткен,- деді Ж.Арысбекқызы.
–Биыл ҰБТ тапсыру түбегейлі өзгерді. Ақпараттық технологияның көмегімен «Бір компьютер — бір камера» принципімен өткізілуде. Бұрын ҰБТ деген науқан болатын. Ата-аналар есіктің алдына келіп тұратын. Барлығының көңілі алаң. Бір-ақ рет мүмкіндік берілетін болған соң балалардың да психологиялық ахуалы өте күрделі болатын. Қорқыныш пен үрейден өз мүмкіндігін көрсете алмай жататын. Ал бұл жолы емін-еркін, ешқандай кедергі жоқ. Биылғы тест жоғарғы деңгейде өтіп жатыр деп ойлаймыз. 2 тестілеу орталығында 450-ге жуық орын саны бар. Шымкент қаласынан бөлек, Түркістан облысының аудандарынан да 15 мыңнан аса түлек тестілеуден өтеді деген болжамымыз бар,-деп Шыңғыс Жұмабекұлы.
Жалпы бір күнде екі ауысыммен 43 күн аралығында 30 346 талапкер тестілеуден өтетін болады. Бүгінгі таңда ағымдағы жылдың 6, 8 мамыр күндері екі тестілеу орталығы бойынша 1226 талапкер тестілеудің бірінші мүмкіндігін пайдаланып, тестілеуден өткен.

Соңғы жаңалықтар