#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Қазанда белгісіз біреулер мектепте атыс шығарды: қаза тапқандар бар

Татарстан астанасында белгісіз біреулер Файзи көшесіндегі № 175 гимназияда атыс шығарды.

Татарстан астанасында белгісіз біреулер Файзи көшесіндегі № 175 гимназияда атыс шығарды, — деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Кейін мектеп ғимаратында жарылыс болғаны хабарланды. Оқиға орнында қою қара түтін шығып жатыр.

Төтенше жағдай орнына 20-дан аса жедел жәрдем бригадасы жіберілді.

РИА Новости мәліметінше, қауіпсіздік қызметкерлері мектепте оқ атты деген күдікті жасөспірімді ұстады. Ол шамамен 17-де.

Агенттік жедел қызметтерге сілтеме жасап атыс кезінде тоғыз адам қаза тапқанын мәлімдеді. Тағы төрт адам жарақат алды.

Татарстан прокуратурасы оқиға орнына республиканың прокуроры Илдус Нафиков бара жатқанын хабарлады.

Татарстан президенті де сол жерге аттанды.

Соңғы жаңалықтар