Павлодарда бес жасар бала терезеден құлап кетті, — деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Басылымның мәліметтері бойынша, бес жасар ұл бала Павлодар қаласындағы көпқабатты үйдің терезесінен құлап кетіп, облыстық ауруханаға жатқызылды. Бала құлаған пәтер үшінші қабатта орналасқан.
Дәрігерлер балаға компьютерлік томография жасады. Бала ми жарақатын алған. Суреттерге сүйене отырып, науқасқа бас сүйегінің негізіндегі жабық сынық диагнозы қойылды.