#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Алматыда 14 мекеме карантин талаптарын бұзды

Алматы қаласында мониторинг топ коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу мақсатында шектеу шараларының сақталуын бақылауды жалғастыруда, деп хабарлайды ADYM.KZ Egemen.kz басылымына сілтеме жасап. Кеше түнде қалада...

4 жастағы баланы самокатпен қағып кеткендер іздестіріліп жатыр

Алматы қаласы ПД өкілдері кінәлі адамдарды іздестіріп жатыр. Видеода самокат айдап бара жатқан қыз бен жігіт баланы қағып, кетіп қалғаны көрсетілген, деп хабарлайды ADYM.KZ Egemen.kz...

Қазақстандық теннисші АҚШ-тағы турнирдің жеңімпазы атанды

Қазақстандық теннисші Анна Данилина жұптық сында АҚШ-тағы ITF сериясындағы W60 Charlottesville турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды ADYM.KZ Egemen.kz басылымына сілтеме жасап. Доданың 1-ракеткалары болып тіркелген А.Данилина...

Түркістан: Сарыағаштың депутаттары қайырымдылық жасаудан жарысып жатыр

Жуырда «Nur Otan» партиясы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, «30 игі іс» атты қайырымдылық марафонын бастаған болатын. Осы акция аясында Сарыағаш ауданы мәслихатының...

Елбасы Протоколына жаңа басшы тағайындалды

Әділ Болатұлы Жанзақов Елбасы Протоколының бастығы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz Елбасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының шешімімен Әділ Болатұлы Жанзақов...

Қазақстанда 36 градус аптап ыстық болады

Синоптиктер 1-3 мамыр аралығына арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ADYM.KZ Egemen.kz басылымына сілтеме жасап. Қазгидромет мәліметіне сәйкес 2 мамырда күн жылиды. Оңтүстік аймақтарда...

Еліміздің қанша өңірі «қызыл» аймақта тұр?

Коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия коронавирус бойынша еліміз өңірлеріндегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасын жариялады, деп хабарлайды ADYM.KZ Egemen.kz басылымына сілтеме жасап. Бүгінгі мәлімет...

COVID-19 вакцинасын алғандар онлайн режимінен кеңселерге орала алады

Бұл туралы еліміздің бас санитарлық дәрігерінің 30 сәуірде жарияланған қаулысында айтылған.

Бұл туралы еліміздің бас санитарлық дәрігерінің 30 сәуірде жарияланған қаулысында айтылған. Бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінің онлайн-брифингінде Алматы қаласы Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова аталған шараны түсіндірді, деп хабарлайды ADYM.KZ Egemen.kz басылымына сілтеме жасап.

Қаулыда көрсетілгендей, әлеуметтік-экономикалық нысандардың жұмысын шектеу талаптарына сәйкес, «қызыл» аймақта 80%-ы қашықтан істеу режиміне, 20%-ы күндізгі режимге ауыстырылуы тиіс. «Сары» аймақта: 50% – қашықтан істеу режиміне, 50% — күндізгі режимге көшуі тиіс. «Жасыл» аймақта: 30% – қашықтықтан істеу режиміне, 70% — күндізгі режимге ауысады.

Ескертпеде ұйымдар, кеңселер қызметкерлерге COVID-19-ға қарсы вакцинация жүргізген жағдайда қашықтан және тікелей жұмыс орнына бару форматтарында жұмыс істейтін қызметкерлердің пайыздық арақатынасы жөніндегі талаптарды ескерместен қызметін жүзеге асыратыны түсіндіріледі. Бұл ретте соңғы 6 ай ішінде COVID-19-ға қарсы вакцинацияның толық курсын алған және COVID-19-бен ауырып, жазылған барлық қызметкерлердің күндізгі режимде жұмыс істеуіне жол беріледі. Осылайша, вакцинацияның толық курсын алған азаматтар өздерінің тұратын жерлерінің қай аймақта екеніне қарамастан күндізгі режимде жұмыс істеуге жіберіледі.

«Әрбір жұмыс беруші оның кәсіпорны толығымен жұмыс істеуі үшін өз ұжымын вакцинациялауға қызығушылық танытады. Шынында да вакцинацияланбаған қызметкерлер қашықтан істеуге кетеді. Егер біз осы инфекцияны жеңгіміз келсе, қалыпты өмірге оралып, коронавирусты жеңе алатын иммундық қабат құрғымыз келсе, онда әркім уақтылы егілуі керек. Менің ойымша, бәрі екпе алу шешім қабылдайды және осы процесті одан ары кешіктірмейді. Егер адам вакцинаның бірінші компонентін алса, онда ол міндетті түрде екінші компоненттен өтуі керектігі туралы хабардар етіледі», деді Ә.Қалықова.

Сондай-ақ, ол жұмыс берушілер өз ұжымдарында екпе салдырудың өте маңызды екенін түсіндірулері тиіс деп атап өтті.

Соңғы жаңалықтар

Маңғыстау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының бұрынғы басшысы жазаланды

Ақтауда Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасының бұрынғы басшысы Жамал Жаманбаеваның соты аяқталды деп хабарлайды ADYM.KZ Lada.kz. сайтына сілтеме жасап. Ақтау қалалық сотының баспасөз қызметі ақпараты...

Қазақстанда қанша ҰОС ардагері қалды?

Қазақстанда Ұлы Отан соғысының 665 ардагері қалды. 2020 жылы ғана олардың саны 1025 еді. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ерлан Әукенов...

Алматы қаласында жер сілкінді

6 мамыр күні Алматы қаласының уақытымен 13 сағат 07 минут 19 секундта жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды ADYM.KZ Egemen.kz басылымына сілтеме  жасап. ҚР БҒМ ҒК...

Біртановтың үйқамақ мерзімі ұзарды

Бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановқа қатысты үйқамақ мерзімі 2021 жылдың 14 маусымына дейін ұзарды, - деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. "ҚІЖК-нің 55,...

Қазақстан вакцина алған азаматтар саны бойынша әлемде 57-орында тұр

Қазақстан вакцина алған азаматтар саны бойынша әлемде 57-орында тұрғанын Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты, деп хабарлайды ADYM.KZ Egemen.kz басылымына сілтеме жасап. «Вакцинация жұмыстары тұрақты қарқынмен...

Түркияда локдаун қатаңдатылады

Түркия 7 мамырдан бастап коронавирус жағдайына байланысты локдаунды қатаңдатады. Бұл туралы елдің ішкі істер министрлігіндегілер мәлімдеді, - деп хабарлайды ADYM.KZ Кaz.tengritravel.kz порталына сілтеме жасап. "7 мамырдан...

Түркістан: Сарыағаштың депутаттары қайырымдылық жасаудан жарысып жатыр

Жуырда «Nur Otan» партиясы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, «30 игі іс» атты қайырымдылық марафонын бастаған болатын. Осы акция аясында Сарыағаш ауданы мәслихатының...

Цифрлық теңге: жария талқылау басталды

Қазақстанда цифрлық теңге пайда болуы мүмкін, оның инфрақұрылымын Ұлттық банк қамтамасыз етеді, - деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. Ұлттық банк жария талқылау үшін...

Мексикада құлаған метро көпірінен қаза тапқандар саны 24-ке жетті

Қазір жарақат алған 70 адам ауруханада ем қабылдап жатыр. Мамандар мерт болғандардың саны тағы артуы мүмкін дейді. Өйткені қирандылар астында тағы адамдар болуы ықтимал,...