Алдағы мереке күндеріне байланысты Қазақстан мен Қытай шекарасындағы автокөлік өткізу пункттері уақытша жабылады, — деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
2021 жылғы 1, 7 және 9 мамырда «Нұр Жолы», «Достық», «Бақты» автомобиль өткізу пункттері жабылады. Мұндай шешім Қазақстан мен ҚХР үкіметтері арасындағы келісім негізінде қабылданған.
«Қазіргі уақытта Қазақстан-Қытай шекарасында 2 теміржол («Достық» және «Алтынкөл») және 3 көлік («Нұр Жолы», «Достық», «Бақты») өткізу пункті жұмыс істейді. Карантин шектеулеріне байланысты тек жүктер мен тауарлар өткізіледі.
Көрсетілген өткізу пункттері арқылы жүк көліктерінің қозғалыс бағыттары өзгергені туралы алдын ала қосымша хабарлаймыз», — деді баспасөз қызметі өкілдері.