Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының басшысы қызметінен кетеді. Ол өз өкілетін Қасым-Жомарт Тоқаевқа тапсырды, — деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Бұл туралы ол Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIX сессиясында айтты.
«Мен ҚХА-ны басқару құқығын Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа беруді ұйғардым», — деді Назарбаев.