Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қалаларда көлік қозғалысын басқарудың бірыңғай орталықтарын құруды тапсырды, — деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
«Қалаларда көлік қозғалысын басқарудың бірыңғай орталықтарын құру керек. Орталық міндетіне осы саладағы уәкілетті органдардың жұмысын үйлестіру, сондай-ақ азаматтардың, мысалы, жол белгілері, жұмыс істемейтін бағдаршамдар мәселесі бойынша шағымдары мен ұсыныстарын қарау кіреді. Үкіметке өңірлер әкімімен бірлесіп, осындай орталықтар құру жөнінде шаралар қабылдауды тапсырамын», — деді Тоқаев Атырау облысының әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі кеңесте.
Бұған дейін Мемлекет басшысы Үкіметке және әкімдерге автобус жолақтарын демалыс күндері де пайдалану мәселесін шешуді тапсырған еді. Ол мұндай тәжірибе Мәскеу, Ыстамбұл және Парижде жиі қолданылатынын айттқан.