Денсаулық сақтау министрлігі өкілдері Қазақстанда вакцина салдырмау үшін вакцинация паспортын сатып алу мүмкіндігі бар деген хабарламаға түсінік берді , — деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
«Кейбір адамдар вакцина салдымай-ақ eGov-тан вакцинация паспортын алу жолын тапқан деген ақпарат пайда болды. Қазідің өзінде ақысын бергендер паспортты алып жатқаны айтылған. Вакцинация статистикасына қатысты сұрақтар туындайды. Сіз осындай жағдайларды болдырмау үшін цифрлық даму және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен қаншалықты тығыз байланыста жұмыс істейсіз?»,- деді журналист ОКҚ онлайн-брифингінде.
Денсаулық сақтау вице-министрі Ерлан Қиясов вакцина салдыру бірнеше рәсімнен тұратынын айтты.
«Адам алдын ала тіркеуден, медициналық тексеруден өтуі керек. Кейін ол процеспен танысады. Ол жазбаша түрде вакцинацияға келісімін береді. Мұндай деректер болса, бірнеше рет жеке қызметкерлерге байланысты (болады. — авт. ескерт.) болуы мүмкін. Әрбір дерек бойынша мұқият талдау жүргіземіз.
Бірақ тұтастай алғанда, процедураның өзі мұндай деректерді жоққа шығарады. Себебі егу орнына келу керек, дәрігер сізді тексеріп, төлқұжат мәліметтерін базаға енгізуі керек», — деді Қиясов.