#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

26 сәуірден бастап Түркияға ұшатын рейстер қысқарады

26 сәуірден бастап Түркия мен Қазақстан арасындағы әуе рейстерінің саны 20-дан 9-ға дейін қысқартылады.

26 сәуірден бастап Түркия мен Қазақстан арасындағы әуе рейстерінің саны 20-дан 9-ға дейін қысқартылады, деп хабарлайды ADYM.KZ Egemen.kz басылымына сілтеме жасап.

«Ведомствоаралық комиссияның тиісті хаттамасына сәйкес 26 сәуірден бастап Қазақстан Республикасы мен Түркия Республикасы арасындағы рейстердің жалпы санын аптасына 20-дан 9 рейске дейін қысқарту тапсырылды» деп жазылған баспасөз қызметі ұсынған мәліметте.

Ведмоствның ресми мәліметінде көрсетілгендей, қысқартылған рейстердің кестесі мынадай:

20 сәуірдегі жағдай бойынша екі ел арасынла 7 бағыт бойынша аптасына 20 рейс орындалады:

— Нұр-Сұлтан – Ыстанбұл, 2 рейс

— Нұр-Сұлтан – Анталя, 1 рейс

— Алматы – Ыстанбұл, 7 рейс

— Алматы – Анталя, 5 рейс

— Түркістан – Ыстанбұл, 2 рейс

— Ақтау – Ыстанбұл, 1 рейс

— Шымкент – Ыстанбұл, 2 рейс.

«Рейстер саны бойынша шектеулер эпидемиологиялық жағдай жақсарғанға дейін қолданылады», деп толықтырды баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар